Ақтөбеде нан комбинатынан коронавиурс шықты

  • 13.05.2020
  • Malim Админ

Қала халқының отыз пайызын нанмен қамтамасыз етіп отырған «Ақтөбе нан» мекеме қазір жабық. Індет сол комбинатта қызмет ететін 59 жастағы  жұмысшыдан анықталған. Қазір науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған, керекті емін алып жатыр. СЭС мамандары нан шығарумен айналысатын комбинаттың 157 жұмысшысын бірден карантинге жатқызып, коронавируске тексергендерін айтады.  Оның 146-нан теріс нәтиже анықталса 11-нің қорытындысын әлі күтіп отыр екен. Қазір COVID-19 анықталмаған жұмысшылар түгелдей үйлеріне жіберілген. 

«Ол науқас анықталғаннан кейін оқшауланды. Қарым қатынаста болған адамдар да карантинде жатыр. Бүгінгі күні сол мекеме бойынша 157 адамды бәрін карантинный провизорға жатқызған болатынбыз. Олардың 146-нан анализін алдық. Бәрі дұрыс. Он бірінің анализі келген жоқ. Күтудеміз. Қазір кәсіпорын жұмыс жасап тұрған жоқ. Дезинфекциясын жасайды. Бізге акт береді. Сосын барып біз ашамыз», – деді Ақтөбе қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Аманжол ӨТЕҒАЛИЕВ. 

Қызметкерінен коронавирус анықталған нан  комбинатының қайта қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Әкімдіктегілер қалада нан тапшылығын болдырмас үшін бұл комбинаттың үлесін уақытша басқа кәсіпорынға қосып бергендерін айтады.

Жанар ҚОЖАНОВА.

Фото: voxpopuli.kz

Байланысты жаналықтар

ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік беріледі

05.04.2021

Бұл қайрымдылық - білімге салынған инвестиция

11.08.2020

Карантин: Алматыда түнгі клуб қайнап тұр (видео)

04.08.2020

«Мен пәкпін»: Тәжікстанда қалыңдықты қалай «тексереді»?

23.09.2020

Жаңа коронавирус келе жатыр

28.12.2020

Үш ауысымды мектептер азайып жатыр

09.12.2020