Көлгінов бұл жолы отставкаға кете ме?

Malim Админ

  • 14.05.2020

Елорда әкімі Алтай КӨЛГІНОВ лауазымынан босату туралы өтініш жаза ма?

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тағы бір шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл жолы Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы мен бірнеше адам күдікке ілінді.

Басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталыпты. Күдіктіні 20 миллион теңгені жымқыры деп айыптап отыр. Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеуніктің атын айтпады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында басқарма басшысы деп Нұрлан УРАНХАЕВ деп көрсетілген.

Биыл қаңтар айында Байқоңыр ауданы әкімі Асқар ЕСІЛОВ ұсталып, қылмыстық кодекстің 366 бабы бойынша күдікке іліккен. Бір айдан кейін Есіл аудандық №2 соты экс-әкімді  515 000 теңге тұратын ұялы телефон түрінде пара алды. Сонымен қатар, футбол алаңдарының құрылысы бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды алуға жәрдем бергені үшін (ҚК 366-бабының 2-бөлігі) кінәлі деп таныған еді.

Былтыр 2019 жылдың 20 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкімет мүшелерімен жемқорлық бойынша жиын өткізген.

 «Жыл сайын елде 2 мың жемқорлық қылмысы тіркелді. Орта есеппен мың адам жауапқа тартылады. Барлығымыз осы әлеуметтік дертпен күресуіміз керек. Егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс», - деген еді мемлекет басшысы.

Бұл сөз артынша заңға айналды. «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілген. Яғни  облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдері орынбасары, тікелей бағынышты мемлекеттік  қызметші пара алса отставкаға өтініш беруі тиіс.

Байқоңыр ауданы әкімін сот кінәлі деп тапқанда Нұр-Сұлтан басшысы Алтай КӨЛГІНОВ қызметтен кету туралы арыз жазғанын естімедік. Ол жайлы ешбір ақпарат шыққан емес. Енді ше?

Айтпақшы, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінде де жемқорлық өршіп тұр. Жыл басында сенатор Владимир ВОЛКОВ астаналық полицейлер пара бойынша республикада көш бастап тұр деп еді. Былтыр елордалық 42 полицей пара алғандары үшін жауапқа тартылған.

Осы қыста қар күрей алмай әуреге түскен Алтай Көлгінов бас қалаға 2019 жылдың маусым айында әкім болып тағайындалған.

Фото: uralskweek.kz

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

27.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

22.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?