Пандемия: Рианна мен Мақпал тең бе?

Malim Админ

  • 24.05.2020

Шетелдік әншілер пандемия кезінде әлеуметтік желілерде жанды дауыста ән салып, медицина қызметкерлеріне көмектесіп жатыр. Ал қазақстандық әншілер ұтыс ойындарын ойнатып, сахналық киімдерін саудалауда.  

Шетелдің әншілері мен жұлдыздары пандемия басталғалы бері бүкіл концерт пен әлемдік турларынан бас тартып, қайырымдылық пен көмек көрсетуге кірісті. Көпшілігі әлеуметтік желідегі аккаунттары арқылы карантинде отырған халықтың көңілін көтеру үшін жанды дауыспен концерт өткізді.

Шакира өз отаны Колумбиядағы денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне мыңдаған маска сатып алып берді.

Мадонна түрмедегі азаматтарға 100 мың маска сыйлады.

Эминем өзінің Eminem X Carhartt Air Jordans кроссовкиларын сатудан түсетін табысты COVID-19-бен күресетін қорға аударады.

Рэпер Jay-Z түрмеде медициналық қызмет көрсететін дәрігерлерге 130 мың маска сыйлады. Сондай-ақ оның жеке қоры коронавируспен күреске 1 миллион доллар бөлді. Айтпақшы, әнші Рианнаның жеке қоры да жедел жәрдем қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен түрмедегі азаматтар, қарт адамдар мен үйсіздерге 5 миллион доллар бөлді.

Элтон Джонның 1992 жылдан бері СПИД-пен күресетін қоры бар. Пандемия басталғанда әнші COVID-19 жедел қорын құрды.

Мали Сайрус пен Коди Симпсон. Ерлі-зайыптылар аурухана қызметкерлеріне 120 такос (мексикандық тағам) алып берді.

Лэди Гага АҚШ-тың тамақ қорына қайырымдылық көмек берді.

The Lumineers тобы.  8 мамыр күні тікелей эфирде концерт беріп, өз Отаны Колорадоның ресторандар ассоциациясына 600 мың доллар жинап берді.

Metallica мамыр айы бойы қайырымдылық көмек жинап,  COVID-19-бен күресетін қорларға аударды. Metallica түрлі тауарларын сатудан түскен ақшаны да қайырымдылыққа бағыттайды.

Рэпер Пост Малоунның Shaboink атты бренді 40 мың маска таратты.

33 жастағы рэпер Watsky тікелей эфирде 33 сағат 33 минут бойы рэп құрастырып, 143 869 доллар жинады. Рэпердің айтуынша, бұл ақша коронавирус кесірінен концерттері өтпей қалған музыканттарға беріледі. Айтпақшы, 33 сағат 33 минут бойы рэп жазған Watsky Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Адам Ламберттің Feel Something қоры eBay-де әншінің сахнаға киіп шыққан 15 костюмін сатты. Одан түскен ақшаны қор пандемия кезінде зардап шеккен GLAAD қорына аударды. GLAAD – ЛГБТ қауымдастығына көмектесетін қор.

Рэпер Future-дің FreeWishes қоры ауруханаларға 100 мың масканы сыйға берді. "Менің ағам үшін қоғамға қызмет көрсету маңызды. Осы қорды сол үшін құрдық", - деді рэппердің қарындасы, FreeWishes қорының құрылтайшысы Тиа-Уилберн Андерсон.

ernur.kz сайтының жазуынша, отандық әншілердің бірі лоторея, бірі ұтыс ойнатып, qaznet-тің «жұлдызына» айналды. Мақпал ИСАБЕКОВА, Лидо киімдерін сатыпты.  Жазира БАЙЫРБЕКОВА болса киімдерін жалға беріп ақша тауып жатыр екен.

«Мен өзім көйлектерді киіп болғаннан кейін, киіп болғанда 3-4 рет қана киемін ғой. Ары қарай менің салон, прокат платьев бар. Соған алып барамын, Мысалы қымбат көйлек алуға қаржысы жоқтар сол жерге, химиялық тазалауда өткізілген көйлектерді алып киюге мүмкіндіктері бар», - депті Жазира Байырбекова.

Қазақстандық әнші Ернар АЙДАРДЫ болса әлеуметтік желіде лоторея ойнатып жатқан жерінен полиция ұстады. Ресми органдар «карантин режимін бұзды» деген ақпарат таратты. Артынша БАҚ беттерінде ұтыс ойындарына байланысты алаяқтыққа қатысы бар болуы ықтимал деген ақпарат шықты. «Бизнес бастау» шеберлік мектебінің жетекшісі Ахметбек НҰРСИЛА болса кейбір эстрада әншілерін «шегірткеге» теңеді.

Байланысты жаналықтар

Маймыл шешегі пандемия деп танылды

24.06.2022

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

28.12.2021

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

13.09.2021

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

09.09.2021

Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

19.08.2021

Ұлттық Қор қаржысын есепсіз пайдалану дефолтқа алып келуі мүмкін

05.08.2021
MalimBlocks
Маймыл шешегі пандемия деп танылды

Инфекцияны жұқтыру жағдайлары 58 елде анықталды

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

Алматылық кәсіпкерлер демалыс күнгі локдаун жағдайында бизнес белшеден шығынға батқанын айтып шағымдануда. Күн сайын өзгере беретін жаңа қаулы мен түрлі шектеулерден шаршаған кәсіпкерлер билік әрекет етпесе, наразылық шарасын өткізетінін айтты.

Ұлттық Қор қаржысын есепсіз пайдалану дефолтқа алып келуі мүмкін