Президент Көлгіновке коммент жазғыштар туралы тапсырма бермепті

  • 25.05.2020
  • Malim Админ

Әлеуметтік желі бетінде жұмысы жайлы жақсы жазғандарға тендер таратып жүрген Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай КӨЛГІНОВ бүгін президент қабылдауында болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:Көлгінов бұл жолы отставкаға кете ме?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ әкімге біраз міндеттемелерді жүктеп, нақты тапсырмалар берді. Пандемия кезінде жұмыс орындарының жабылып қалмауы аса маңызды. Сондықтан да президент әкімге Жұмыспен қамтудың жол картасының орындалуын бақылауда ұстауды нықтап тапсырды. Сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде, мектептер мен оңалту орталығын салу, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, көшелерді, тұрғын үй алаптары мен қоғамдық орындарды абаттандыру сияқты жұмыстарды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: Көлгінов көпшіліктің алдына шықпай қойды

Кездесуде Тоқаев қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы және 2019 жылы қазан айындағы кеңесте берілген тапсырмаларына есеп алды. Қысқасы, президент әлі де халықты баспанамен қамтамасыз ету, жаңа мектептер салып үш аусымды жою керектігін айтты. Нақты бұқара халыққа қажетті шаруаларды атқару керектігін түсіндірді. Тоқаевтың тапсырмасында әкімдік қызметін әлеуметтік желіде насихаттау үшін тендер ойнату керек деген сөз жоқ. Әзірге бас қаланың басшысы желіде жақсы көрінуді алға қойған сияқты. Мәселен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмысын әлеуметтік желіде насихаттау үшін 267 миллион теңгенің тендері ойнатылған еді. Ол жайлы толығырақ МӘЛІМ КЗ сайты «Тоқаевтың сөзін Көлгінов құлағына қыстырмай ма?» деген материал жариялаған еді.

Фото: akorda.kz

Байланысты жаналықтар

Көпбалалы отбасыларға 106 пәтер берілді

12.04.2021

Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдап жатыр

22.03.2021

Коронавирусты қайталап жұқтыру мүмкін бе?

29.04.2020

Заңсыз аң аулау тыйылмай тұр

04.02.2020

Көлгіновтің әкімдігі даладағы фильмге 26 миллион жұмсаған

30.11.2020

Оқушылар коронавирусқа қатысты каникулға шығады

12.03.2020