Ояныңдар, қалмақтар

Malim Админ

  • 04.06.2020

Қалмақ әншісі Дмитрий ШАРАЕВТЫҢ әні қарсылық ұранына айналыпты. Әннің аты «Сертн,сергцхэтн,халимгуд». (Ояныңдар, тіріліңдер, қалмақтар) Әнші 2015 жылы жазған бұл әнін кең тарап кетеді деп ойламапты.

«Бұл туыдым әнұранға айналсын деген мақсат болған жоқ. Өз ойымды, қоғамдағы жағдайды әнге айналдырдым. Әнде революцияға, төңкеріске үндейтін бірауыз сөз жоқ. Менің қарсылығым ұлтсыздыққа. Қазір бізде жұрт ана тілін білуден қалды. Адамдар жоғарғы білімді. Бірақ ана тілінде (қалмақ) бір-екі сөз үйрене алмайды», - депті әнші КАЛМЫКИЯ online сайтына берген сұхбатында.  

Шараев қазір қалмақ тілі ешкімге керексіз болып қалды деседе болады дейді. Тек тұрмыста қолданады. Және қойшылардың тіліне айналғанын айтады.

«Ауылды жерде мал шаруашылығымен айналысатын қалмақтарға ғана ана тіліміз керек. Мен қой шаруашылығымен айналысамын. Шабандармен қалмақша сөйлесеміз. Ана тілімді бала күнімнен жақсы білемін. Қарттардың ескі әңгімелерін тыңдауға әуес болатынмын», - дейді әнші.

2020 жылдың 1 қаңтардағы есебі бойынша Калмыкияда 271 135 мың адам тұрады. Мемлекеттік тіл орыс және қалмақ тілі. Қалмақтар Ресей Федерациясындағы демографиялық ретингте 72 орында. Ресми дерек бойынша үш жылда халық саны 2,21 пайызға азайған. Калмыкияда орыстар, қазақтар, шешендер, түріктер, корейлер, аварлар, дағарлар мен украиндер де тұрады. Жыл сайын орыс ұлты өкілдерінің саны артып келеді.

 

Байланысты жаналықтар

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

25.04.2024

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.