Асқар Жұбанов дүниеден озды

Malim Админ

  • 11.06.2020

Тектінің тұяғы, ғалым Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов қайтыс болды. Қаралы хабарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкері Мейрамбек Таубалдиев Facebook парақшасында жазды.

Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов 13 қарашада 1937 жылы Алматы қаласында қызметкер отбасында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Әкесі Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессоры.