Карантинде кәсіпкерге бұйырған несие

  • 25.05.2020
  • Malim Админ

Covid-19 індетінен екі ай жұмысын тоқтатқан шағын және орта бизнес карантиннен кейінгі тірлікке дайын ба? Дәл қазір індеттің кесірінен қанша кәсіпкер зардап шекенін, алдағы уақытта қаншауының шөгерін нақты ешкім айта алмайды.

Былтырғы статистикаға қарсақ, жыл соңында  Қазақстанда 1,6 млн шағын және орта кәсіпкер тіркеліп, қызмет еткен. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 30 пайызға дейін жеткен. Шағын бизнесте  3 миллионнан астам адам еңбек еткен. Яғни, еңбекке қабілетті әрбір үшінші адам шағын және орта бизнесте жүрген. Енді осы үш миллион адамның тағдыры қалай болады деген сұрақтың басы ашық тұр. Әлбетте, әрекетсіз отырған үкімет жоқ. Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнесті 1 сәуірден 1 қазанға дейін (6 ай) жалақы қорынан төленетін барлық төлемдер мен салықтардан босатты. Барлық шағын және орта бизнесті 3 айға барша салық міндеттемелерін орындауды тоқтата тұруға шешім шығарды.

Енді міне, айтқан сөздерінде тұрып, шағын және орта бизнесті 12 айға дейін жылдық 8 пайыздан аспайтын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын мәлімдеді. Орталық коммуникация қызметі арқылы ақжолтай хабар жеткізген Қазақстанның орнықтылық қорының айтуынша, бағдарлама басталған қысқа сәттен бері  12 банк арқылы 1116 шағын және орта бизнес нысаны шамамен 160 млрд теңгеге несие алған.

Осы жаппай кәсіпкерлікке қолдау болатын осы несиелеу бағдарламасын дереу жүзеге асыруға тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай басталған сәтте берген болатын. Осы ретте шағын және орта бизнесті, төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Ұлттық Банк 600 миллиард теңге бөлген.

 

Байланысты жаналықтар

Картоп бағасы аналарды митингіге алып шықты

17.06.2021

Қордай оқиғасына байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

11.02.2020

Даңқты Марадона дүниеден өтті

25.11.2020

"Түсіністікпен қараңыздар": 20 миллионға демалатын орны бар әжетхана салынбақ

17.03.2021

"Шымкент сити" жобасы: Әр ауданның өз мектебі, өз саябағы, өз ауруханасы болуы керек

02.04.2021

Бір күнде 1486 адамнан вирус табылды

28.06.2020