ҰБТ-ға қандай санитарлық талаптар енгізілді?

Malim Админ

  • 15.06.2020

Коронавирус пандемиясына байланысты дәстүрлі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) биыл жылдағыдан ерекше өтеді. Мәселен, жылда бір аудиторияда 50 оқушы отырса, биыл 25 оқушы ғана кіргізіледі. Осы және өзге де ҰБТ тәртібі жайлы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар СМАҒҰЛОВ  айтты деп хабарлайды Malim.kz.

Биылғы ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Оның жаңашылдықтары мен әлемдік пандемия жағдайындағы тестілеуді өткізу барысындағы медициналық, санитарлық нормалар қандай?

Әдетте оқушының ҰБТ тапсыруы – ата-анасы мен туыстары үшін ерекше жағдай, сол себепті, оны қолпаштаушылар, сыртта күтіп тұрушылар көп болады.

«Биыл оқушылар ҰБТ тапсырғанда ата-аналар келе алмайтыны бұған дейін де айтылды. Мен оларды түсінісік танытуға шақырамын, бұл осы уақыттағы мәжбүрлі шаралардың бірі. Бірақ, ҰБТ-ның қалай өткенін онлайн көре алады. ҰБТ өтетін орынның айналасын түгелдей тәртіп сақшылары қоршайтын болады», - деді Смағұлов.

Ең алдымен айта кетерлігі, бақылау мен тәртіп тек санитарлық нормаларға қатысты ғана болмайды. Бұған дейін тест тапсырушылар айналып өтіп келген жағдайлар енді қайталанбайды деп отыр. Мәселен, аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіру жыл басында 60 пайыз болса, маусымда 12 есеге қысқарып, 5 пайызға түсіпті. Соған қарап, ҰБТ орталығының басшысы оқушыларға тәртіп сақтау керек екенін түсіндіре алдық деп отыр. Биылғы ерекше тәртіптің бірі – аудиторияға кіріп келе жатқанда қалтасынан, қойны-қоншынан телефон, шпаргалка, құлақаспап сияқты заттар табылған балалар ары қарай тест тапсыруға жіберілмейді және бір жыл бойы ешқандай оқуға тапсыра алмайды.

«Әр аудиторияда бейнебақылау орнатылады және барлық жазбаларға 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі. ҰБТ өткізу қағидаларының бұзылуы анықталған жағдайда (көшіру, қағаз жазбалар қолдану және т.б.), тестілеу нәтижелері жойылады, сонымен қатар, білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін. (...)Бақылау тек тестіленушілерге ғана емес, сонымен қатар бақылаушыларға да жүргізіледі», - дейді Смағұлов.

Сондай-ақ, білім беру гранттары оқыту тіліне, яғни, қазақ және орыс тілі деп бөлінбей, ортақ тағайындалады. Қоғам белсенділерінен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен тұратын мониторингтік топ жұмыс істейді.

Есептеуіш әкелуге болмайды, бірақ пайдалануға болады. ҰБТ тапсырушы оқушылардың орындарына бір-бірден орнатылады. Ата-аналардың өтініші бойынша ҰБТ тапсыру уақыты 10 минутқа ұзартылыпты. Енді оқушылар аудиторияда 4 сағат бойы отырады. Тағы бір айта кетерлігі, биылғы тестілеу сұрақтарында 4 тоқсан сұрақтары болмайды. Смағұловтың айтуынша, бұл коронавирус кезінде қашықтан оқытудың сапасыз жүргізілді дегенді білдірмейді, 4 тоқсанда негізінен бұрынғы өткен сабақтарды қайталайды.

Қорытынды шыққан соң жүргізілетін бейнежазба талдауында тест тапсыру сәтінде байқалмай қалған заң бұзушылықтар анықталса, түлек грантынан айрылады немесе нәтижесі жойылады.

Бұл өзгерістер басқа емес, коронавирусқа қатысты енгізілгенін ескерсек, биылғы ҰБТ-ның басты талабы – санитарлық нормалардың сақталуы.

Ретімен айтсақ, ҰБТ тапсырушы бала үйінен мед.маска тағып келеді, бірақ, аудиторияға кірерде оларға арнайы маска беріледі. Мұның да өзіндік себебі бар, оқышуының маскасы сапасыз болуы және ескірген болуы мүмкін. Осыған орай, олар ішке кіргізілген сәттен бастап, қайта шығып кеткенше әр екі сағат сайын маскаларын ауыстырып отырады.

Оқушылар қорғаныш киімін немесе мед.қолғап кимейді. Өйткені, аудитория оқушылар кіргенге дейін залалсыздандырылады және аудитория мен ғимаратқа қолды залалсыздандырып отыратын антисептик сұйықтықтары орнатылады. Одан бөлек, оқушылардың ара қашықтығы 2 метр болуы қатаң қадағаланбақ.

Тест тапсырушылар ҰБТ тапсыруға өтінішті онлай бергенін айта кету керек. Бірақ, олардың қайда және қай күні тест тапсыратыны әлі хабарланбаған. Орталық директоры қазір бұл мәселенің қарастырылып жатқанын, тестілеу уақыты жақындағанда ескертілетінін, сондай-ақ, білгісі келгендер орталықтың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан біле алады немесе Instagram арқылы Смағұловтың жекесіне хат жазыпсұраса болады.

Биыл ҰБТ тапсыруға түскен өтініштер рекордтық деңгейге жетіпті – 131 755. Қазақ тілінде – 98 169 (74,5%), орыс тілінде – 33 368 (25,3%), ағылшын тілінде – 218 (0,2%). Тестілеу республика бойынша 161 пунктте өтеді.

Байланысты жаналықтар

Наурыз айындағы ҰБТ: Бірінші аптаның қорытындысы шықты

11.03.2024

2023 жылы негізгі ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін  

31.10.2022

51 мың талапкер ҰБТ-дан құлады

07.07.2022

267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

27.06.2022

Мектеп ҰБТ-ға дайындайтын орталық қана ма? - Кәсіби бағдарлаушымен сұхбат

01.06.2022

Алматыда тест тапсырып отырған мұғалім қайтыс болды

14.04.2022
MalimBlocks
Наурыз айындағы ҰБТ: Бірінші аптаның қорытындысы шықты

Ең жоғары балл – 137.

2023 жылы негізгі ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін  

51 мың талапкер ҰБТ-дан құлады

ҰБТ қорытындысы бойынша Ұлттық тестілеу орталығы қорытынды жариялады

267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Биыл ҰБТ тапсыру кезінде 267 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Мектеп ҰБТ-ға дайындайтын орталық қана ма? - Кәсіби бағдарлаушымен сұхбат

Қазақстанда жаңа мамандықтар легі пайда болуы керек. Солардың бірі – кәсіби бағдарлаушы мамандар. Пилоттық жоба ретінде Павлодар облысы мектептеріне енгізілген. Бүгін біз кәсіби бағдарлаудың маңызы мен міндеті туралы осы сала маманы Диас Асановтан сұрап көрдік.

Алматыда тест тапсырып отырған мұғалім қайтыс болды

Алматыдағы көлік және логистика академиясында ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім қайтыс болды.