Дулат Ағаділдің туыстары халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады

Malim Админ

  • 19.06.2020

Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің туыстары мен адвокаты халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Дулат Ағаділдің анасы, әйелі мен адвокатының видеомәлімдемесі қорғаушы Ғалым Нұрпейісовтің youtube арнасында жарияланды.

Дулат Ағаділдің анасы Гүлбараш Жолмұханбетова халықаралық демократиялық күштердің не себепті көмек сұрағанын былай түсіндіреді: "Баламның қазасынан бергі төрт ай ішінде заңдылық жоқ екеніне көзім жетті. Шағымдарымыз үшін билік құқық қорғаушылар арқылы немерелерімді қудалап жатыр. Әділеттілік пен заңдылықты таба алмай халықаралық демократиялық күшке жүгінуге мәжбүрмін. Іс ашық түрде тергеліп, барлық бейнебақылау көшірмесін беруді талап етемін", - дейді Дулат Ағаділдің анасы.

"Күйеуім Дулат ағаділдің қазасынан бері төрт ай өтсе де, ешкім жазаланбады. Осы уақыт ішінде әкімдіктегілер келіп, жер телімін заңдастырып, үй салуға көмектесейік, бірақ оның өтеуі ретінде Дулаттың достары, яғни белсенділермен араласпауды сұрады. Олар күйеуімді қаралап жүр. Біз үшін Дулаттың намысы мен ақиқат қымбат. халықаралық қауымдастықтан билікке қысым көрсетуді сұраймыз", - деді белсендінің жұбайы Гүлнар Қасымханова.

Дулат Ағаділдің қазасы бойынша істе отбасының адвокаты Ғалым Нұрпейісов Батыс елдерінен осы іске назар аударуды сұрады. "АҚШ пен басқа елдерде рсизм мен полициның орынсыз күш қолдануына қарсы акциялар жүріп жатыр. Джордж Флойды өлтірген полицейлер жұмыстан шығарылып, жазаланды. Флойдтың отбасына видеоматериалдар берілді. Оны АҚШ конгресі мен журналистер де пайдаланды. Ал бізде керісінше. Бейнематериалды бермей, істі көпе-көрінеу жабуға тырысты. Бұл Магнитский ісімен ұқсас. Кезінде Батыс елдері Магнитский тізімін жасап, адам құқықтарын таптағандарға қарсы санкция енгізді. Біз Батыс елдері Дулат Ағаділдің қазасы бойынша елде қылмыстық іс қозғау мен бейнематериалдарды беруге назар аударса дейміз. Магнитский тізімі тәрізді Ағаділдің қазасына жауаптыларды тізімге енгізіп,санкцияға алуды сұраймын".

28 мамыр күні бас қаланың прокуратурасы уақытша қамау абақтысында қаза тапқан белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс онда "құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты " тоқтатылғанын мәлімдеді. Прокуратураның айтуынша, сарапшылар Ағаділ миокард инфарктісінен қайтыс болғанын анықтаған.

Астаналық белсенді Дулат Ағаділді төрт полицей ақпан айының соңында үйінен алып кеткен. Жедел алып кеткен топтың, Дулат Ағаділге дұрыс киінуге де мұрша бермегені видеоға түсіп қалған.

Келесі күні таңертең Дулат Ағаділдің уақытша тергеу абақтысында қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл өлім қоғамның қызу талқысына түсіп, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында белсенділер әкімдіктердің, полиция департаменттерінің алдына шығып, бұл өлімнің тергеу жұмысын әділ өтуін талап етті.

Ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов ақпанның 25-і күні Дулат Ағаділдің жүрек талмасынан қайтыс болғанын мәлімдеді.

Наурыздың 1-і күні Информбюро порталына сұхбат берген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дулат Ағаділдің жүрегі қысылып қайтыс боланын мәлімдеді.

 

 

Байланысты жаналықтар

Әлнұр Ілияшев: Түрмеге қамалсам, Тоқаевқа сөз келер еді

24.06.2020

Дәрігер Тоқаевқа: Мәжілісті таратып жіберіңіз

02.06.2020

Құл-Мұхаммед Тоқаевты мақтап, Назарбаев құрған одақты сынады

24.09.2020

Даулы заң: Тоқаев Конституциялық кеңеске жүгінді

12.05.2021

Тоқаев: «Жақында оның 80 жас мерейтойын атап өтеміз»

03.06.2020

Тоқаевтың бір жылы: Шындықтан қаша алмадық

18.03.2020
MalimBlocks
Әлнұр Ілияшев: Түрмеге қамалсам, Тоқаевқа сөз келер еді

Дәрігер Тоқаевқа: Мәжілісті таратып жіберіңіз

Құл-Мұхаммед Тоқаевты мақтап, Назарбаев құрған одақты сынады

Даулы заң: Тоқаев Конституциялық кеңеске жүгінді

Тоқаев: «Жақында оның 80 жас мерейтойын атап өтеміз»

Тоқаевтың бір жылы: Шындықтан қаша алмадық