Мерзімінен бұрын босап шыққандар

Malim Админ

  • 19.06.2020

Кеше ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Ақмола облысының әскери соты Нартай Дүтбаевты 2017 жылдың тамызында «мемлекеттік құпияны жария етті» және «қызмет бабын асыра пайдаланды» деп, жеті жылға бас бостандығынан айырған. 2018 жылдың ақпанында Нартай Дүтбаевтың үстінен бас қалада тағы бір сот өтіп, «ақша жымқырды және қаржы бопсалады» деген айыппен екі жаза мерзімі біріктіріліп, 12 жылға соттаған еді. Алайда Дүтбаев 3 жылға жетпей бостандыққа шықты.

Бұның алдында ғана «Қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды» және «мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария етті» деп айыпталып, 2017 жылы 5 жылға сотталған Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шыққаны белгілі болған.

Сіздердің назарлдарыңызға сотталып, мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан шенеуніктердің тізімін ұсынбақпыз.

2018 жылы ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталды. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас болған, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп, талан-таражға салды, пара алды деп айыпталды. Қуандық Бишімбаев 2016 жылдан бастап ұсталып, тергеу ісі 2 жылға жуық жүргізілді. 2019 жылдың қазанында мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бишімбаев та экс-президент Назарбаевтан кешірім сұраған.

[caption id="attachment_4827" align="alignleft" width="1280"] Мұхтар Жәкішев[/caption]

Наурыз айында 11 жыл тар қапаста отырған Мұхтар Жәкішев Семей қаласындағы ОВ-156/144 қатаң режимдегі колониядан бостандыққа шықты. Мұхтар Жәкішев «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясының президенті еді. 2009 жылы ұсталды. Сот оны қызметін асыра пайдаланды, алаяқтықпен айналысты, мемлекет мүлкін заңсыз пайдаланды, пара алды деп айыптап, 14 жылға қатаң режимде бас бостандығынан айырды. Семей сотына үш рет денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға өтініш бергенімен, Жәкішев 14 жылдың 11 жылын түрмеде өткізіп барып, әрең шыққан.

Астанада өзі тұратын үйдің ауласында 2 миллион доллар пара алып жатқан жерінде ұсталған  Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал Бағдат МАЙКЕЕВ  «аса ірі көлемде пара алды» және «қару-жарақты заңсыз сақтады» деген айыппен 2014 жылдың 27 маусымында алты жылға сотталған еді. Бірақ, генерал денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын 2015 жылдың 4 ақпанындағы қаулымен бостандыққа шыққан еді. Сонда денсаулық жағдайы кей сотталған шенеуніктерге ғана жарайтын болып тұр ғой.

[caption id="attachment_4828" align="alignleft" width="800"] Ержан Өтембаев[/caption]

Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаев белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының және екі көмекшісінің өлімін ұйымдастырды деп айыпталды. 2006 жылы Алматы облысының соты оны 20 жылға соттады. 2014 жылы түрмеде отырып, саясаткердің өліміне өзі емес, ҰҚК бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев пен Рахамет Әлиев тапсырыс берді деп мәлімдеме жасады. 2014 жылы қарашада бостандыққа шықты. 2018 жылы Ержан Өтембаев қайтыс болды.

[caption id="attachment_4829" align="aligncenter" width="600"] Серік Бүркітбаев[/caption]

«ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком» компанияларының бұрынғы басшысы Серік Бүркітбаев  Әлиевке телефон әңгімелерін тыңдайтын құрылғы жіберген деп айыпталып, 2008 жылы жемқорлық ісі бойынша қамауға алынған. 2009 жылы алты жылға сотталып, 2012 жылы уақытынан бұрын босап шықты.

[caption id="attachment_4830" align="alignleft" width="1200"] Жақсыбек Күлекеев[/caption]

2008 жылы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының басшысы Жақсыбек Күлекеев  ұсталды. Пара алып жатқан жерінде қолға түскен ол үш жылға бас бостандығынан айырылды. 2009 жылы шартты түрде босап шықты.

[caption id="attachment_4831" align="alignleft" width="1000"] Жақсылық Досқалиев[/caption]

2011 жылы денсаулық сақтау министрі болған Жақсылық Досқалиевтің ісі бойынша үкім шықты. Сот Досқалиевтің мүлкін тәркілеп, 7 жыл бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтеуге кесті. Жақсылық Досқалиев Н. Назарбаевтан кешірім сұрап, экс-президент 7 жыл мерзімін екі жылға дейін қысқартуды мақұлдап, кешірген. 2012 жылы мерзімінен бұрын түрмеден босап шықты.

2013 жылы ауыл шаруалығының экс-вице-министрі Мүслім Өміряев ұсталды. Іс жүргізушелердің зерттеуі бойынша шенеунік 100 мың доллар көлемінде пара алған. 2014 жылы сот Мүслім Өміряевті кінәлі деп танып, 10 жылға қатаң режимде бас бостандығынан айырып, дүние мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. 2016 жылы сот экс-шенеуніктің ісін қайта қарап, рақымшылықпен босатқан.

[caption id="attachment_4832" align="alignleft" width="1000"] Серік Ахметов[/caption]

2015 жылы экс-премьер-министр Серік Ахметов мемлекет қаражатын талан-таражыға салғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл істе 21 адам бжауапқа тартылды. Олардың арасында Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев 5 жылға, ал Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұлов үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұловтардың жазалары қысқарып, артынан шартты түрде босап шықты. 2017 жылы Серік Ахметовтың өзі де рақымшылықпен босап шықты. Серік Ахметов босар алдында экс-президент Назарбаевтан кешірім сұраған.

[caption id="attachment_4833" align="aligncenter" width="608"] Ахметбек Ахметжанов[/caption]

2016 жылы Қостанайдың экс-әкімі Ахметбек Ахметжанов жемқорлықпен ұсталып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. «Үлкен әкімдік ісі» аталып кеткен қылмыстық іс бойынша қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев «парақорлыққа делдал болу» және «қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» баптары бойынша айыпталып, мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Мақст Қалиев 2016 жылы-ақ айыппұл төлеумен бостандыққа шықса, Ахметбек Ахметжанов 2019 жылы бостандыққа шықты. Жазасы қысқарып, айыппұл төледі. 2020 жылдың басында Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жемқорлықпен ұсталған шенеуніктер енді айыппұл төлеп, мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайтындарын мәлімдеді.

[caption id="attachment_4834" align="alignleft" width="900"] Серік Баймағанбетов[/caption]

2013 жылдың қаңтарында қаржы министрі Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік БАЙМАҒАНБЕТОВ 80 мың доллар көлемінде пара алды және қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланды деген айыппен ұсталып, 10 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешіммен қамауға алынған. 2015 жылы мерзімінен босату туралы өтініші қабылданып, босап шығу туралы шешім шығарды.

[caption id="attachment_4835" align="aligncenter" width="600"] Алмаз Асенов[/caption]

200 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған генерал-майор Алмаз АСЕНОВ 2013 жылы 11 жылға сотталды. Қатаң режимдегі колонияға түскен генерал үш жылдан кейін босап шыққан.

[caption id="attachment_4841" align="aligncenter" width="420"] Анар Мешімбаева[/caption]

Статистика агенттігінің төрайымы болған Анар Мешімбаева 2009 жылы халық санағы кезінде бланктарды дайындауға бөлінген 700 миллион теңгені жымқырды, қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған.

Мәскеуге қашып кетіп, 2009 жылдың қарашасында халықаралық іздеу жарияланды.

2013 жылы қыркүйекте Қазақстанға экстрадацияланып, 2014 жылы ақпанда Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды.

2015 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рақымшылық туралы жарлығынан кейін жазасы екі жылға қысқарып, 2018 жылы ақпанда бостандыққа шыққан.

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды

18.04.2024

Салтанат өлім аузында жатқанда жеке жедел жәрдем шақыруды ұсынған дәрігер жауап берді

18.04.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

18.04.2024

«Барлық байлығымды балаларыма қалдырамын»: Бишімбаевтың «өсиеті» жарияланды

17.04.2024

«Ол Тайландтан келген психологқа 10 мың доллар төледі»: Салтанаттың оқылмаған хаты жарияланды

17.04.2024

Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сараптама іске алғысыз болып қалды

17.04.2024
MalimBlocks
Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды

Қанат Қыдырмин бұрын Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеген.

Салтанат өлім аузында жатқанда жеке жедел жәрдем шақыруды ұсынған дәрігер жауап берді

Ерсұлтан Сәрсенбаев «Ана мен бала» орталығының дәрігер-реаниматологы.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Қуандық Бишімбаев 2023 жылдың 9 қарашасында адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді.

«Барлық байлығымды балаларыма қалдырамын»: Бишімбаевтың «өсиеті» жарияланды

Бақытжан Байжановтың телефонынан Бишімбаевтың 9 қараша күнгі видеосы табылған. 

«Ол Тайландтан келген психологқа 10 мың доллар төледі»: Салтанаттың оқылмаған хаты жарияланды

Бірақ түк пайда жоқ.

Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сараптама іске алғысыз болып қалды

Айжан Аймағанова Ресей мамандары егер жалған қорытынды берсе, ол үшін жауапкершілік арқаламайтынын ескертті.