ПЦР мен КТ-дан өтуге неге асықпау керек?

Malim Админ

  • 01.07.2020

Қазақстан отбасы дәрігерлері қауымдастығы пандемияға қатысты маңызды сұрақтардың тізімін жасап, олардың жауабын да жазыпты. ПЦР мен КТ-дан өтуге неге асықпау керек деген сұраққа, дәрігерлердің берген жауабы.

Егер бойыңызда белгілері болмаса, коронавирусқа тексерілу сізге ештеңе бермейді. Бүгін ауруды анықтауға барғанда науқас болмассыз, бірақ сол жерден дерт жұқтырып шығуыңыз әбден мүмкін.

Дегенмен бойыңызда айтылып жүрген симптомдар болса да, оның коронавируспен анық байланысты екеніне көз жеткізу үшін, асығыс қадамдарға баруға болмайды. Ол әрекеттеріңіз, не істесеңіз де – сізге жауап тауып бермейді. ПЦР-дің сезімталдығы төмен (30-60 пайыз). Егер сіз аурып жүрсеңіз, бойыңызда белгілі симптомдар бола тұра коронатест теріс десе, сіздің бойыңызда коронавирус инфекциясы жоқ деген сөз емес. Ол дерттің болуы ықтималдығы 40-70 пайыз. Сондықтан нақты көз жетпегенше, өз бетіңізбен әрекет етпеңіз.

Анализ сіздің жазылып кетуіңізге ешқандай ықпал етпейді, керісінше жағдайыңызды қиындатып жіберуі мүмкін. Анализ тапсыру кезінде ауру жұқтыруыңыз кәдік. Ауруханалар мен емханаларға, лабораторияларға бару кез келген уақытта қауіпті. Өйткені онда науқастар жиналады. Коронатест теріс нәтиже көрсетсе, бұл өтірік деп өзіңізді іштей жеп қоясыз. Егер инфекция анықталса, бұл сіздің ары қарайға еміңізге де әсер етпейді. Өйткені коронавирустан емделудің қалыптасқан жолы жоқ. Бәрі өзіңіздің иммунитетіңізге байланысты. Компьютер томографиясы (КТ) жап-жақсы тәсіл, бірақ пневмония да осы жолмен анықталады. Кейбір науқастардың өкпесі замқымданбай аурып жатыр. Кейі жеңіл ғана өкпе қабынуына ұшырайды. Сондықтан «қызық үшін» КТ жасаудың керегі жоқ.

Коронавирус анализы (ПЦР) сияқты КТ да дертіңіз анықталып, екі жақта пневмония болсаңыз да, ары қарайғы ем-домыңызға ешқандай әсер етпейді. Covid-19-бен ауырып, ең жеңіл түрде дерті өтіп жатқан адамдардың өзінен екі жақты пневмония анықталып жатыр. Оның үстіне томографтар қажетті деңгейде құралдарын залалсыздандырмайды. Сол жердің өзінде инфекция жұқтыруыңыз мүмкін.

КТ-дан жағдай ауыр кезде, ауруханаға жатқызу, жатқызбау талқыланып жатқан уақытта, гипоксия болғанда өту керек. Ештеңеге асықпаңыз. Бәріне анық көз жеткізіп алыңыз. Иммунитетіңізді көтеріңіз.

Фото: elorda.info

Байланысты жаналықтар

ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

27.03.2024

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

27.03.2024

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

26.03.2024

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

26.03.2024

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024
MalimBlocks
ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың жұп ажырасқан.

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылған.

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді