Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Цой 1,2 миллион коронатесті әлі сатып алмапты

malim Авторы: malim
16.07.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Денсаулық сақтау министрлігі маусым айының соңында сатып аламыз деп уәде еткен коронавирусты анықтайтын 1,2 миллион ПТР тесті әлі сатып алмаған болып шықты. Бұл бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев берген брифингіде мәлім болды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі “оны алдағы уақытта сатып аламыз” деп уәде етті.

“Тиісті тест жүйесін, оның ішінде отандық тауар өндірушілердің тест жүйесін сатып алуға дайындық жүріп жатыр. Ұлттық сараптама орталығында отандық тест жүйесін қолдануды жоспарлап отырмыз. Үкімет резерві аясында 1,2 миллион тест жүйесін сатып алу жоспарланып отыр. Тест жүйесі бұл жолы отандық өндірушілерден сатып алынатынын ескерсек, оған осы салаағы барлық тауар өндірушілер қатыса алады”, – деді Тимур Сұлтанғазиев.

“Қазір тиісті процедуралар жүріп жатыр. Жақында тест жүйелер сатып алынуы керек”, – деп қайырды ол.

Тимур Сұлтанғазин 1,2 миллион ПТР тест жүйесі мен 20 ПТР анализатор сатып алу үшін 15,6 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

Malim kz ПТР тестердің тапшылығы мәселесін 22 маусым күні көтеріп, денсаулық сақтау министрлігіне хабарласқан. Бүгін қызметінен кеткен денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп сол тұста “коронавирусты анықтайтын тестерді министрлік сол аптаның ішінде сатып алатынын” айтқан. Malim kz бұл мәселе бойынша маусымның 22-сі күні Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне бірнеше сұрақ жолдаған. Біз бұл тестер қашан сатып алынатынын және оған ақша бөлінген-бөлінбегенін сұраған едік. Баспасөз қызметінен әлі күнге дейін жауап келмеді, ал министрліктің баспасөз хатшысы Гаухар Бисарина сұрағымызға жауапты кімнің дайындап жатқанын да нақтылап айтпай, мессенджердегі хабарламаларымызға жауап бермей отыр.

18 маусым күні сол тұстағы министрдің орынбасары Ляззат Ақтаева 1,2 миллион тестің сатып алынатынын мәлімдеген. 30 маусым күні жаңадан министр болып тағайындалған Алексей Цой 1,2 миллион тест жақын уақытта сатып алынады деп уәде берген.

Оқи отырыңыз: Жоқ коронатесті іздеген жүкті әйелдің зары

 

Tags: Алексей ЦойДенсаулық сақтау министрлігікоронавирусПТР тест

Ұқсас жазбалар

Үкіметтегі ауыс-түйіс: Небәрі екі министр ауысты

Авторы: malim
18.01.2021
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамы туралы жарлыққа қол қойды.  Екі министр ауысты демесеңіз, қалған министрлер өз орнында қалды. Ұлттық...

Жанболат Мамай полицейлерді сотқа бермек

Авторы: malim
18.01.2021
0

Сайлау күні бейбіт шеруге шығып, полиция қоршауында қалған Oyan, Qazaqstan қозғалысының мүшелері мен Демпартия бастамашыл тобы Алматы полиция департаментін сотқа...

Инфографика "Орта Азия елдеріндегі білім теңсіздігінің жаңа қырлары: әсеені зерттеу және білім саясатын өзгерту" жобасы аясында дайындалды

Қазақстандағы отбасылардың жартысында ғана жоғарғы жылдамдықты интернет бар

Авторы: malim
18.01.2021
0

Шымкенттегі 5 отбасының тек біреуі ғана кеңжолақты сымды интернетке қолжеткізсе, қала мектептеріндегі бір компьютерге шаққандағы оқушы саны – 23. Орталық...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қалдыбай Әбенов. Фото: azattyq.org

 «Аллажар» фильмінің режиссері Қалдыбай Әбенов қайтыс болды

09.07.2020

Кредитті жеңілдетудің жолы қайсы?

12.11.2020

Әлнұр Ілияшевке сот үкімі шықты

22.06.2020

“Бергей билікке ЖСДП партиясын байлап берді”

15.06.2020

Абай тойы

16.02.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!