Қазақстанда 150 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделді

  • 27.07.2020
  • Malim Админ

Орталық Коммуникациялар Қызметінің баспасөз орталығында сөйлеген әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежановтың ақпараты бойынша, биылғы жылдың наурыз айынан маусым айына дейін еліміздің стационарларында 150 мың коронавирус пен пневмониямен ауыратын науқас емделді. Осы мақсатта МӘСҚ ауруханаларға 9 млрд. теңгеден астам қаржы төледі.

Анықтама: маусым айында наурызбен салыстырғанда төсек-күндердің жалпы саны 8 есеге, жұқпалы аурулар саны 23 есеге өсті.

Сондай-ақ, провизорлық стационарларда төсек-күн саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 21 мыңнан 100 мың төсек-күнге дейін. МӘСҚ Басқарма төрағасының айтуынша, медициналық көмек сапасын жақсарту үшін шілде айында медициналық ұйымдар үшін тарифтер артты. Енді Қор тарапынан провизорлық стационарда әрбір төсек-күн үшін 22 мың теңге, тәулік бойы стационарларда болу үшін 32 мың теңге, науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – төсек – күн үшін 70 мың теңге.

«Аталған қызметтер тарифін арттыру қор жеткізушілерінің санын кеңейтуге, коронавирус пен пневмония бар пациенттерді емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға, сондай – ақ стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті МӘСҚ басшысы Б.Төкежанов.

Сондай-ақ, медициналық сақтандыру қоры стационарлар мен емхана дәрігерлерінің жолдамалары бойынша 300 мыңға жуық ПТР зерттеулеріне 3,5 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасады.

Коронавируспен күрес шараларына барлығы 56,7 млрд.теңге бағытталды. Халыққа көмек көрсету үшін 630 жеткізушімен, оның ішінде 13,4 млрд.теңге сомасына медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, стационарларда емделуге, ерекше еңбек жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге – 38,1 млрд. теңге, ПТР-диагностикаға – 5,2 млрд. теңге сомасына шарттар жасалды.

Дереккөз: ortcom.kz

Байланысты жаналықтар

Қара алтын өндірушілерге жеңіл салық берілуі мүмкін

18.03.2020

Мәдениет және спорт министрлігінің департамент бастығы ұсталды

11.06.2020

Halyk Bank тегін газ қосып беріп, жүректерді жылытты

10.12.2020

"Дәрігерлер еміне сын көзбен қараңдар"

26.07.2020

Білім беру де, оқушы денсаулығы да маңызды

01.04.2021

"Цой мырза, көмегіңіз керек!"

02.08.2020