Салымшылар: 60 млн теңгені қайтарыңдар!

Жанар Қожанова

  • 19.08.2020

Ақтөбеде «West Hose» компаниясының 20-ға жуық салымшысы бүгін таң татпай облыстық прокуратураның алдына наразылыққа шықты. Сөздерінше сот 29 салымшысына 60 миллионнан астам қарызы бар кооператив  басшысы төрт жылға соттағанымен компнаияның жұмысын тоқтатып, шоттарын бұғаттауға үкім шығармаған. Салымшылар  құқық қорғаушылардан әлі де алаяқтықпен айналысып, халықтан ақша жинауын қоймаған компнаияны жауып, салған миллиондарын  қайтарып беруіне көмектесуін сұрайды.

Үй аламыз деп қолындағы миллиондарынан айырылған салымшылар екі жылдан бері кооперативке салған ақшаларын қайтара алмай жүр. Жақында сот халықты алдап, алаяқтық жолмен қомақты қаржы жымқырды деген компания басшысына қатысты жаза кесіп,  бір айдың ішінде салымшылар алдындағы қарызын өтеуге үкім шығарған .

«Біздің  талабымыз, «West Hose» кооперативі әлі де жұмысын жасап жатыр. Садықова сотталғанымен тағайындаған адамы ақшаны кассаға түсірмей, қолдарында ұстап жүр. Сондайларды  жауапқа тартып, сот үкімі бойынша ақшаның бәрі кассаға түсіп, пайщиктерге қайтарылып беру керек. «West Hose» кооперативі бір жыл сотта қаралса да қызметі тоқтатылмаған. Әлі адамдарды алдап, ақшаны алып кетіп жатыр»,  – дейді компанияға 2 млн теңгесін салған Нұрлыайым ДОСМҰХАНБЕТОВА.

Салымшылар  бір жыл тергелген іс те,  онлайн түрде өткен сот та әділ болмады деп наразы. Сөздерінше басшы сотталып кеткенімен, артындағы алаяқтар халықтан әлі ақша жинап жүр.

«Сот үкім шығарғанда Жадыра Садықоваға бір ай уақыт берді. Сіз бір айдың ішінде ақшаны қайтарыңыз деп. Ақша қайтарылған жоқ. Ешкімге бір тиын да берілген жоқ. Ал қолдарында 5-6 миллиондап ақша ұстап отыр. Менің талабым, «West Hose» тұрған барлық үйді арестке қою, ақшамызды кейінге қарай өндіріп алу. Соны заң жүзінде бақылуға алсын», – дейді 8 млн теңгесінен айырылған Гүлмира ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ.

Салымшылар бұл талаптарын айтып  қалалық прокуратураға да арызданғандарын айтады.  Алайда облысық прокуратура өкілдері салымшылардың шағымдарынан хабарсыз болып шықты.  Дегенмен  алдағы бір айдың ішінде түскен істі қарап, жауап беруге уәде берді.

«Қазір біз ол арызды көтеріп, нәтижесін қараймыз. Бір жетіде шешілетін нәрсе емес, бір айдың торабында шешіліп, қарап, жазылған нәрсенің бәрін тексеру керек қой», - деді Ақтөбе облыстық прокурорының аға көмекшісі Баян ӘЛІШОВА.

Алпыс миллион теңгелерін даулап, прокуратура алдына жиналған салымшылар құқық қорғаушылардан көмек болмаса, отбасымызды жинап облыстық әкімдіктің алдына барып түнейміз деп бекініп отыр. Қазір олар осы мәселеге араша сұрап президент Қасым- Жомарт ТОҚАЕВ  хат жазып, дайындап қойған.

Фото автордікі. 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады