Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Саудагерлердің табысы 70 пайызға түсіп кетті

malim Авторы: malim
04.09.2020
"Алтын орда" базарында киім-кешек сататын Кәмила Жұмағалиева

"Алтын орда" базарында киім-кешек сататын Кәмила Жұмағалиева

Share on FacebookShare on Twitter

Кәмила Жұмағалиева «Алтын Орда» базарында 10 жылдан бері киім-кешек сатумен айналысады. Жалғызбасты ана үш баласын осы кәсібімен асырап отырған. Бірақ екі айға созылған карантин оның жұмысына қатты әсер етті.

Сатушы карантинге дейін айлық табысы 500 мың теңге болғанын айтады. Ал қазір табысының 70 пайызынан айырылған. Тауарларының барлығы көктемгі қалың киімдер болған соң айналысқа түспей, шаң басып, бутиктің ішінде қалған. Енді оларды алдағы күзде сату керек.

Қазіргі таңда саудасы жүрмей тұрған Кәмила Жұмағалиева сатқан азын-аулақ тауарының ақшасын бірден саудагерлерге айлық ретінде беріп отырады. Ал сатушының таныстары жаңа тауар алу үшін несие алып, көліктерін сатқан. Оның айтуынша, көтерме сауда орындарында бұрынғыдай тауардың түр-түрін таңдап тұра алмайсың.

– Сауда болмаған соң жаңа тауарлар әкелуге ақша жоқ. Базарда адам саны көп болғанымен, киім алушылар аз. Ал жаңа тауарларды алуда қиындықтар бар. Тауарлардың бағасы қымбаттаған, түскен кезінде ала алмасаң, ешқандай пайда таппайсың, – дейді ол.

Саудагер карантин кезінде берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемді ала алмаған. Оның себебі жеке кәсіпкер куәлігінде екен. Бірақ Камила оны 2018 жылдың қаңтарында жауып тастағанын айтады.

– Екі айға төленбеген коммуналдық төлем бар. Алдында ғана соған жинап жүрген ақшамды алаяқтар картамнан алып қойды. Kaspi банкке барып шағымданғанда, карантин кезінде ондай адамдардың саны көбейгенін айтты. Өтінішімді толтырып кеттім, ал ақшамды он төрт күн ішінде қайтарып береді екен. Енді қол кусырып отыруға уақыт жоқ. Күнделікті азық-түлікке, жолға да ақша керек. Үйде үш балам бар. Бәріне үнемдеп жеткізгеннің өзінде қосымша қаражат та керек, – дейді жалғызбасты ана.

Карантиннің салдарынан қызмет көрсету саласының өкілдері де зардап шекті. Олардың бірі – Бақтыбай. Екі жылдан бері салынған тойхана құрылысын енді аяқтаған сәтте жабылып қалған. Табыссыз қалған жеке кәсіпкер отыз шақты қызметкерін жұмыстан шығарған.

– Жаз мезгілінде той берушілердің саны артады. Соған орай үш айға бірден тапсырыс алғанбыз. Карантин кезінде той өткізуге рұқсат болмаған соң, амалсыз жаптық. Тапсырыс берушілердің алдын ала төлемдерін де қайтардық. Тойхана жабық болғандықтан шығындардың саны көбейді. Сол себепті коммуналдық қызметтерге, салықтарға әрі күзетшілерге беретін қаражатты өз қалтамнан шығаруға тура келді, – дейді тойхана иесі.

Осы мысалдар елімізде індет салдарынан жұмыссыздар саны артқанын көрсетеді. Карантин шағында 2,5 миллион адамның 42 500 теңге жәрдемақыға өтініш түсіргені табыссыз қалған халықтың саны артқанын айғақтаса керек. Таяуда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елде жеті айдың ішінде жұмыссыздық сегіз есе өскенін мәлімдеді. Бірақ министрдің айтуынша, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру 11 есе өскен.

Еліміздің статистика комитетінің дерегінше, 2020 жылдың наурыз айында 442 900 адам жұмыссыздар қатарында болған. Бұл езеңде елдегі жұмыссыздық 4,8 пайызға жеткен. Соңғы айлардағы жұмыссыздық көрсеткішін статистика комитеті әзірге жаңартпады.

“Атамекен” ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкері, экономист Айқожа Абсадықовтың пікірінше, ресми статистикадағы жұмыссыздар саны мен нақты жағдай басқаша.

– Үкімет пен «Атамекен» ҰКП жанында кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі жобалық кеңсе өткізген сауалнамаға сәйкес, жұмыстан қысқарып қалған қызметкерлердің саны 15 пайыздан асқан. Сонымен қатар жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілген қызметкерлер де бар. Менің субъективті бағалауым бойынша, бүгінгі күні бір миллионнан астам адам жұмыссыз, – дейді экономист.

Экономист үш ай ішінде ел экономикасы қатты төмендеді, енді ол қалпына келуі үшін кем дегенде екі жыл керек деп санайды.

Ақдидар Әбдімаулен.

Tags: жәрдемақыжұмыссыздаркарантинсауда

Ұқсас жазбалар

Қытай Қазақстан аумағына зауыт салатын болды

Авторы: malim
04.03.2021
0

Қытай Қазақстан аумағына жалпы құны 24,5 миллиард доллар болатын 56 кәсіпорын салмақ. ҚР Сауда және индустрия министрлігінің ресми сайтында жарияланған...

Көлгіновтің кабинетіне барған аналарды полиция алып кетті

Авторы: malim
02.03.2021
0

Алтай Көлгіновтың кабинетіне барған төрт ананы полиция алып кетті. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінде тоғыз күннен бері түнеп жатқан төрт ананы полиция...

“Бізге адам деп қарап жатқан жоқ”: Аналар мүгедек балаларымен бірге әкімдік дәлізіне түнеуде

Авторы: Есдәулет Қызырбекұлы
02.03.2021
0

Аналар мүгедек балаларымен бірге Нұр-Сұлтан әкімдігіне түнеуде. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналар бір күннен бері елорда әкімдігіне түнеуде. Тоғыз жасар...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Сапалы кітап­тарды akel.kz интернет-дүкен­інен табасыз

25.09.2020

Америкалық арман: Қаржы министрлігі халыққа ақша таратуды ұсынды

19.03.2020
Президент Қ.Тоқаев пен экс-президент Н.Назарбаев. Фото: sputniknews.kz

Тоқаев Назарбаев стипендиясының ақшасын екі есе көбейтті

08.09.2020

Әкім Әбдіқалықова карантин тәртібіне бағынбай жүр

27.04.2020

Заңсыздық па, әлде бассыздық па?

13.10.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!