"Достық үйінде" қазақтану процесі жүріп жатыр"

Malim Админ

  • 14.02.2020

Қарағанды қаласында хан сарайындай "Достық үйі" бар. 2015 жылы облысты Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ басқарып тұрған кезде ашылған. 4 қабатты ғимаратты салу үшін бюджеттен 2 млрд теңге бөлінген.
Бұл ғимараттың ішінде көптеген кабинеттер мен 450 орындық концерт залы, 100 орынға жасақталған конференция залы, сонымен қатар жүз шақты орынға шақталған екі үлкен кабинет бар. Қарағанды облысы өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған аймақ саналады. Бұл өңірде 110 этнос өкілдері тұрып жатыр. Достық үйінде 23 ұлттың этно-мәдени орталықтарына арналған жеке кабинеттері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағандыдағы өкілдері мен әртүрлі этно-мәдени орталықтары осы зәулім ғимаратта отырады. Қарағандылықтар: "Достық үйінде" отырған этно-мәдени бірлестіктер не бітіріп отырады, олардың қоғамға қандай пайдасы бар, үлкен ғимаратты ұстап тұруға қаншама қаражат кетеді?» деген мәселені әлеуметтік желіде жиі көтереді.
Былтыр Қарағандыда "Древний Рим" оқиғасынан кейін бұл сауал жиі көтерілетін болған. 2019 жылы «Древний Рим» мейрамханасында болған төбелесте бір адам кісі қолынан қайтыс болған еді.
Жергілікті журналист Ләззат ҚОЖАХМЕТТІҢ айтуынша, Қарағандыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы көзге көрінбейді. Тек бірінші мамыр күні ұлттық қиімдерін киіп шығып, әр этно-мәдени орталық облыс басшысынан ақшалай сыйақы алады екен.
«Этно-мәдени орталық өкілдерін әкімнен ақша алғанда ғана көреміз. Төрағаларын ешкім танымайды. Кейбір белсенділерінен президент жолдауы болғанда іздеп барып сұхбат аламыз. Басқа кезде бар жоғы белгісіз. Оларға неге жылда ақша беріп марапаттайтынын түсінбеймін. Оларды "Древний Рим" оқиғасы кезінде көрмедік. Ассамблеяның атынан 9 депутат парламентке сайланады екен. Солар Қордайға барды ма, олардың қоғамға қаншалықты пайдасы бар?»,- дейді журналист Ләззат Қожахмет.
Қоғамдық ұйым Ассамблея мен ұлттың этно-мәдени орталықтарының сәулеті келіскен ғимараты көз қызықтырады. Бұндай ғимарат жергілікті мемлекеттік органдарға арман. Мәселен облыстағы тілдер басқармасы жертөледен кіретін ескі ғимаратта отыр. Тілдер басқармасында жиын өткізетін үлкен зал түгілі артық орындықтары да жоқ.

«Достық үйі» затына сай меймандостығы да бар. Ол жерде Қарағанды облысы әкімдігі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ орналасқан. Қоғамдық келісімге 13 кабинет тиесілі, әрі жетпіс маманы бар. Бұл мекеме әр ұлттың этно-мәдени ұйымдарының жұмысына бас көз болып отырады. Сонымен қатар қоғамдық мәдени шаралар өткізеді. Қоғамдық келісімге күні кеше ғана Бақтияр БЕКМҰРЗАЕВ басшы болып сайланған.

«Әр этнос өкілдері тек концерт қойып жүреді деген жаңсақ пікір. Мұнда әр ұлт өкілдері мемлекеттік саясатқа орай қоғамдық шараларға ат салысып келеді. Бүгінде "Достық үйінде" "қазақтану" процесі жақсы жүріп жатыр. Осында өзге ұлт өкілдері үшін жалпы қала тұрғындарына тегін қазақ тілін, ағылшын тілін үйрететін орталықтар бар. Арқаның ақындар және жыршы жыраулар мектебі, «Күй керуен» клубы, түрлі жағдайларды талқылап кеңес беретін «Мәміле» клубы және зейнеткерлерге арналған «Ұзақ әрі белсенді өмір сүру» орталығы мен «Жас сарбаз», «Айбын» клубтарымен қоса «Ақниет» хоры бар. Бұл "Достық үйінде" этно-мәдени ұйымдары ғана отырған жоқ. Қаланың қоғамдық мәдени шаралары, түрлі кездесулер, бас қосулар осы нысанда өткізіледі. Былтыр екі жарым мың шара өткен. Осындай облыстық деңгейдегі шаралар өтіп отырған соң, әрине, оның коммуналдық шығыны да болады ғой», - деді malim.kz сайтының тілшісіне «Қоғамдық келісім» ҚММ бастығы Бақтияр Бекмұрзаев.

Сондай-ақ "Достық үйінде" Тілдер басқармасына қарасты тілдер ресурстық орталығына үш кабинет берілген екен. Ресми ақпаратқа сәйкес Достық үйіне күніне келушілердің қарасы отыздан алпыс адамға дейін жетеді. Бұл ғимараттың коммуналдық шығыны жазда айына үш жүз мың теңгеден асса, қыста жеті жүз мың теңгеге жуықтайды. Ғимараттың жалпы алаңы - 7276 ,6 шаршы метр.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА, 

Қарағанды

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

26.03.2024

24-25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтеді

20.03.2024

Қарағандыда жәбір көрген жедел жәрдем жүргізушісі 5 миллион теңге талап етті

07.03.2024

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді

07.03.2024

Қарағанды облысында екі рет мас күйінде көлік жүргізген әкімді жұмыстан шығару ұсынылды

07.03.2024

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023
MalimBlocks
Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

Өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.

24-25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтеді

Қарағандыда жәбір көрген жедел жәрдем жүргізушісі 5 миллион теңге талап етті

Іс бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр.

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді

Қарағанды облысында екі рет мас күйінде көлік жүргізген әкімді жұмыстан шығару ұсынылды

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды