Коммунистер Мамайдың әнін сала бастады

Malim Админ

  • 16.09.2020

Қазақстан коммунистік халық партиясы елде кең ауқымды неси амнистиясын жариялау керек дейді. Яғни банктерге берешігі барлардың қарызы кешірілсе дейді. Бұл туралы бүгін парламентте мәжілісмен Айқын ҚОҢЫРОВ үкімет басшысы Асқар МАМИНГЕ депутаттық сауал жолдады.

«Қазақстанда кең ауқымды несие амнистиясы жариялау керек. Оған осы уақытқа дейін салықтарын төлеген, жұмыс орындарын ашқан, бірақ пандемияға байланысты қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлер мен жекелеген адамдар ілігуі қажет», - деді коммунист депутат Қоңыров.

Оның айтуынша, амнистия жариялау үшін мемлекеттік комиссия құрылуы керек. Арнайы аудит жүргізіліп, комиссия құрамына барлық тараптар кірсе дейді. Қызығы, несиелік амнистия жайлы Қазақстан Демократиялық партиясын құру бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат МАМАЙ көтеріп жүр. Оның бұл ісін «пополизмге» балағандар да болды.

Айтпақшы, 13 қыркүйек күні Жанболат Мамай осыған байланысты Алматы және Ақтөбе, Қарағанды, Семей қалаларында рұқсат етілген митингі өткізді.

«2008 жылдан бері банктер мемлекет қазынасынан  көмек ретінде он триллион нан астам теңге алды. Қайда кетті сол ақша? Ал несиелік амнистия – халыққа көрсетілетін нақты көмек. Қазір кепілі жоқ несие мен микрокредитке бес жарым миллион адамның 4,4 триллион борышы бар екен. Біз сол қарызды кешіруді айтып отырмыз. Мұны популизм деп сынап отырғандар билік жекеменшік банктерге Ұлттық қордан миллиардтап ақша бөліп жатқанда қайда қалды? Неге дымы шықпай отырды?», - деген еді саясаткер Азаттыққа берген сұхбатында.  

Табиғатынан капиталистер мен буржуйларға қарсы болуы тиіс коммунистердің Мамай бастамасын әуелде көтеруі тиіс еді ғой. Әлде тіркелуге талаптанып жатқан демпартиялықтарды осылай қолдап отыр ма?

Байланысты жаналықтар

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16.04.2024

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

15.04.2024
MalimBlocks
Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты.