Ахметов Зайсандағы жұртты әрең тарқатты

Malim Админ

  • 20.02.2020

Кешеден бері еліміздің шығысындағы жұрттан маза кетті. Шекарада орналасқан Зайсан ауданының халқы Қытай Халық Республикасынан келген адамдарды 14 күн бойы өңірлік провизорлық стационарда оқшаулау шарасына қарсы шығып, бас көтерді. Наразылық білдіргендер түнімен жүріп, бүгін де аудан орталығына көптеп жиналған. Оларға облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ өзі барып, басу айтты.

 Шығыстағы наразылық танытқан жұрттың алды кеше түстен кейін сағат үштің кезінде Сарытерек ауылында жиналған. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға сәйкес, оған ауылдық амбулаторияны короновируске қарсы бақылау орнына айналдыру мәселесі себеп болған.

 Жаппай қарсы болған ауыл халқы түн ортасына дейін тарқамады. Тұрғындардың талап тілектері анық. Әлем халқы алаңдаған ауыр індетке қатысты әрекеттерін билік өкілдері неге түсіндірмейді деген ел: "Билік неге халықпен санаспай, халыққа түсіндірме жұмыс жүргізбей, мына халықты түнгі 12-ге дейін тентіретеді? Аудан билігі қайда қарап отыр?" – дейді.

 Шекарадағы ауыл халқы аудан әкімі мен әкімдіктің қызметкерлерін түн ортасына дейін күткендерін айтады. Сарытерек ауылының әкімі неше рет қоңырау шалып, шақырғанда да кешкім елеп келмегенін айтып отыр. Алаңдаған жұрттың өздері де тікелей телефон соғып, мән-жайды анықтамақ болған.

 - Осы халық кеше сағат үште Сарытеректе жинала бастағанда аудан әкімдігінен бір адам келген жоқ. Хабарланды. Айтылды. Ауыл әкімі шақырды. Ешкім аяқ баспай қойды – деді, жиналғандардың бірі.

Мұндағы жұрттың қауіпті дертті бұған дейін де естіп, әбден алаңдап отырғанын мына бейнекадрлардағы әрекеттерінен аңғаруға болады. Көрші елден кіргендерді арнайы орындарға неге апармай, алақандай ғана ауыл ішіне әкелулеріне аң-таң. Наразылық танытқан тұрғындар кеш батса да үйлеріне қайта қоймаған. Ауыл халқының алдына түн ішінде әрең келген аудан әкіміне шекара жабылсын! – деген өтініш пен реніштерін қатар жеткізді.

 - Шекара жабылсын! Жапсын шекараны!

- Шекара неге жабылмайды? Неге өтірік айтасыңдар сендер? Халықпен неге ақылдаспайсыңдар?

 Осыдан кейін Сарытерек ауылы тұрғындарының айтуынша, ауыл амбулаториясына әкелінген төсектерді қайтарып алып кеткен. Ал облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданына денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен бірге бүгін барды. Кешеден бері көшеде жүріп, нақты талаптарын орындатуды мақсат еткен тұрғындармен кездесті.

 Зайсандықтардың өңір басшыларынан сұрағаны да сол, шекараның толықтай жабылуы болды. Өзге елдің қауіпсіздік әрекетін көріп-естіп отырған жұрт бұл жағдайға қарсы екнін кесіп айтты. Шекараның толықтай жабылмайтынын, қауіпсіздік шарасы үшін елдің еш алаңдауына негіз жоқ екенін айтқан өңір басшысы Даниал Ахметов былай деді: "Қазақстандықтар шекарадан өтеді. Ол - бір мәселесі. Екінші мәселесі сіздерге ашық айтайын, бірде-бір шет мемлекеттің азаматы шекарадан өтпейді. Бұл - екінші мәселе. Енді 42 қытай азаматы туралы. Үш күннің ішінде біз шешім алайық. Неге десеңіз? Бұл Халықаралық мәселе. Үш күн", – деді.

Ашынған ел өңір басшысын ертіп, қытайлық «Син-син» компаниясының жұмыскерлері тұрақтаған 9-базаға да барды. Ондағы жұмысшылардың төлқұжаттарын өз көздерімен көргендер елден 3 сағаттың ішінде кетуін талап етті. Майқапшағай кеден бекеті жабылсын деді.

Бүгін ұялы телефонға түсіріліп әр жерден тараған видеолар да көбейді. Бәрі де еліміздің шығыс шекарасында жатқан елдің жайынан хабар бергілері келген сыңайлы. Қауіпсіздік үшін келген әскерилерді де түсіріп таратқан.

Тек кешке таман ғана облыс басшысы Даниал Ахметов дәл бүгін жергілікті халықпен бірнеше рет кездесіп, барлық мәселені талқылағанын айтты. Құрамында 15 адамы бар комиссия құрылып, оны өзі басқаратын болған. Ал комиссия мүшелерінің бәрі де Зайсан ауданының азаматтары. Өңір басшысы елдің өтініш-тілегі қараусыз қалмайды деп сендіріп, жиналған жұртты тарқатқан.

 Жанболат Санияз.

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Алматыда жер сілкінді

12.04.2024

Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді

09.04.2024

Соңғы бес айда Қазақстанға 126 мың қытай азаматы келген

01.04.2024

Қытайға киік мүйізін алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

14.03.2024

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

12.03.2024

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

06.03.2024
MalimBlocks
Алматыда жер сілкінді

Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан – афтершок.

Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді

MPV магнитудасы 4.6.

Соңғы бес айда Қазақстанға 126 мың қытай азаматы келген

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров былтыр 10 қарашадан бастап Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы келгенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қытайға киік мүйізін алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Тексеріс кезінде 205 дана ақбөкен мүйізі табылған.

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Эпицентрі - Қытай аумағында.