Жиырма бір журналист депутат болуға дәмелі

Malim Админ

  • 25.11.2020

Қазақстан парламенті мәжілісі депутатына үміткерлер арасында журналистер аз емес. Олардың саны жиырмадан асады. Бес саяси партиядан 21 журналист халық қалаулысы болуға дәмелі. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Биліктегі «Nur Otan» партиясының кандидаттар тізмінде бір кезде "Хабар" агенттігін басқарған Дариға НАЗАРБАЕВА мен 1985-90 жылдры ҚазТАГ-та редактор болып еңбек еткен Дархан МЫҢБАЙ бар. Сондай-ақ, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек ӘШІМЖАН, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Мақпал МЫСА, Uzyn.kz сайтының бас редакторы  Әлия ӘБСЕМЕТОВА, Артур ПЛАТОНОВ, Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН партиялық тізімге енген.

«Ақ жол» партиясы кезектен тыс XVI съезінде 32 кандидаттың тізімін жариялады. Олардың құрамында бір кезде Азаттық радиосында қызмет еткен Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ мен "Қазақ үні" газетінің редакторы Қазыбек ИСА бар екен.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы да қатарына журналистерді алып,  сайлауға түсетін кандидаттарының қатарына кіргізіпті. Олар: «Хабар» агенттігінен Зейін ӘЛІПБЕК, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен ҚУАТ, «Самұрық» журналының редакторы Дәулеткерей КӘПҰЛЫ.

Аты жаңарған «Адал» партиясының жаңа мүшелері журналистермен толығыпты. «Қазақстан» телеарнасының тележүргізушісі Мақсат ТОЛЫҚБАЙ мен Мұрат ҚОЖАМҚҰЛОВ депутаттыққа кандидаттар.

«Nur Otan» партиясынан кейін ең көп кандидат ұсынған «Қазақстан халық партиясы» депутат болуға ынталы 125 кандидаттың тізімін жариялады. Олардың қатарында БАҚ-ның айналасында жүрген жеті кандидат бар. Қанат МАХАНБЕТОВ («Коммунист казахстана» журналының бас редакторы), Ольга КАРТАШЕВА («Коммунист казахстана» журналының тілшісі), Самал ҚАБЫШЕВА (Атамекен телеарнасының тілшісі), Толқын ҚАБЫЛШАЕВА (Қызылорда облыстық арнасының шеф-редакторы), Сағындық РЗАХМЕТОВ (Ақтау ТВ телеарнасы директорының орынбасары),  Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ (Атырау-Акпарат ЖШС директорының кеңесшісі), Мақсат ЖАҚСЫБАЕВ (31 телеарнаның  Шымкент қаласындағы тілшісі).

Әзірге  ЖСДП ғана кандидаттарының тізімін жарияламай отыр. Олардың қатарында әріптестеріміз болса, депутат болғысы келетін журналистер тізімі тағы да ұзара түспек.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.