Сапарбаевтың қыр соңынан қалмайтын бір сұрақ

Malim Админ

  • 02.12.2020

Жамбыл облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА 15 жылдан бері бір сұрақ қойылып келеді екен. Бұл сұрақ бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тағы да қойылды.

Бес облыстың әкімі болған Бердібек МӘШБЕКҰЛЫНЫҢ он бес жыл бойы  қыр соңынан қалмай келе жатқан сұрақ – «Сізде бордюр шығаратын зауыт бар ма?».

«Бұл сұрақ маған он бес жыл бойы қойылып келе жатыр. Шығыс Қазақстан облысын басқарғанда қойыла бастаған. Біріншіден, мен бұл сауалға ШҚО-да жауап бергенмін. Егер менің бордюр шығаратын зауытым болса әкім болып қызмет етпес едім», - деді Жамбыл облысының басшысы Сапарбаев.

2009 жылы Бердібек Сапарбаев ШҚО-на әкім болып барғанда облыс орталығындағы бордюрларды ауыстыра бастады. Алайда, қала халқы бірінші кезекте жаңа басшы экология мәселесін шешіп берсе деген тілек айтқан. Бірақ әкім өзі дұрыс деп шешкен шаруаны бірінші кезекке қойды. Осылайша  Өскеменде  «Бордюрбек» деген лақап атқа ие болды.

Фото: ratel.kz