"Желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басы қауіпті"

Malim Админ

  • 07.12.2020

Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин еліміздегі коронавирус пандемиясының таралуына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Соңғы бірнеше апта бойы ахуал біршама тұрақты болып тұр. Мұндай жайт қауіпсіздік шараларын сақтауды бақылауға алумен байланысты сияқты. Қазақстанның солтүстігінде ахуалдың айтарлықтай тұрақтанғанын байқап отырмыз. Дегенмен, желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында коронавирустың өршуінен жалтара алмайтын сияқтымыз. Өйткені, тыйым шараларын бұзу көп кездесуі ықтимал. Яғни адамдар жаңажылдық мерекелерді атап өтуге тырысары анық», - деді Вячеслав Локшин. Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлеуметтік арақашықтықты барынша сақтап, маска тағу, гигиеналық сақтық шараларын мүлтіксіз орындау маңызды міндет саналады.

«Өкінішке қарай, көпшілік мұны сақтай бермейді. Сол себепті халыққа үнемі жүгініп, қауіпсіздік шараларын сақтау маңыздығын түсіндіріп отырған жөн. Еуропада, Ресейде ахуалдың қалай болжап болмайтын жағдайда дамығанын, өршігенін көріп отырмыз. Міне, осыған байланысты ауру жұқтырудың өсімі қалай десек те қаңтардың басында немесе желтоқсанның соңында артуы мүмкін. Бірақ, бәрі тікелей өзімізге байланысты. Егер барынша қатаң шаралармен адамдардың өзара байланысын шектей алсақ, онда пандемия толқыны барынша жұмсақ өтері анық. Бұған қоса, маусым-шілде айларында аурудың ресми тіркелген көрсеткіштен 10 есе жоғары болуы есебінен ұжымдық иммунитет біртіндеп қалыптасып келе жатыр. Ол кезде адамдардың басым бөлігі аурып қалса да медициналық көмекке жүгінбеді, тіпті тексеруден де өтпеді. Үйлерінде ем алды», - деді сарапшы.

Сонымен қатар Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті халықты жаппай вакцинациялауға қатысты пікірімен бөлісті. «Вакцинацияның біртіндеп басталуы өте жақсы. Бірақ, вакцинаға қатысты туындап отырған мәселе өте көп. Вакцина салынған кезеңде және оның әсері басталған уақытта адамдардың ауырып қалған жағдайлары болды. Демек, бұл проблеманы тез арада шешу емес. Әрине, вакцина жақсы. Бірақ, қандай вакцинаның барынша сапалы екендігін уақыт көрсетеді. Әзірше ресейлік вакцина бірнеше ондаған мың адамға ғана егілген. Алайда, бұл вакцинаның жақсы, тиімді екендігін толықтай түсінуге жеткіліксіз. Ресейде Чумков атындағы орталық үшінші вакцина дайындап жатыр. Pfizer өз вакцинасын Қазақстанда тіркеуге үмітті. Меніңше, 2021 жылдың жаз айларына қарай ахуал тұрақтанатын болады. Вакцинациялау ең алдымен дәрігерлерге, қарт адамдарға жүргізіледі. Ал бұл өте жылдам орындалатын жұмыс емес. Өйткені, сөз миллиардтаған адамның өмірі жайында болып отыр. Сондықтан арқаны кеңге салып, еркінсуге болмайды», - деді Вячеслав Локшин.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Жыл басынан бері 4,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

23.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: қазіргі ахуал қандай

23.04.2024

Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

23.04.2024

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

23.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Жыл басынан бері 4,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Олардың жартысы (51,1%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,4% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан, 3,7% – Ресейден және 1,5% басқа елдерден.

Қазақстандағы су тасқыны: қазіргі ахуал қандай

Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде.

Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

Мамандар БҚО-да су тасқынының шарықтау шегі кезінде су деңгейі күрт көтерілмейді деп болжап отыр.