Бақыт ұстасы (латыш ертегісі)

Malim Админ

  • 28.03.2020

Ертеде темірден түйін түйген бір ұста өмір сүріпті. Ұста мекен еткен өлкенің көнеден қалған дәстүрі бар-тын: жаңа жыл келгенде, ауылдың әр тұрғыны қорғасын құйып, қорғасыннан шыққан бейнеге қарап, «келер жыл бақытты бола ма, жоқ, бақытсыз бола ма?» деп бал ашады екен.

Көп ұзамай жаңа жыл да келеді. Ұстахана маңына жиналған халық саны есепсіз көп еді... Әрқайсысының қолында бір түйір қорғасыны бар. Түн ортасы болғанда ұста пешке көмір салып, дәлстүрлі жоралғыға от дайындайды. От қызған шақта әр адам ұста берген темір ожаудағы суға балқыған қорғасынды құйып, өз бақытының бағдарын білмекке жанталасады.

Ертегінің аудионұсқасын тыңдасаңыз болады

Кезек ұстаның өзіне келеді. Ұста ожауға балқыған қорғасынды құйып, судан шыққан қорғасынға қараса, не «бақыт» деп, не «бақытсыздық» деп  жоруға келмейді... Таңғалып тұрып қалған ұста сәлден кейін:

- Ееһеей! – деп айқай салады! – Мен өз бақытымды өзім жасай аламын ғой? Неге сонша уайымдадым екен? – деп, пешке темір салып балқытып, таң атқанша әлденені жасап, суға салады. Сол-ақ екен, судан әуелде басы қылтиып, сонан соң денесі көрініп, темір бала атып шығады. Ұста көзін ашып-жұмғанша темір бала кәрі ұстаның жанында балғамен темірді ұрып, көмектесіп тұр екен. Ұста балаға қараған сайын іштей қуанып жүреді.

Бала 3 жасқа толғанда еңгезердей жігітке айналып, кәрі әкесіне жетерлік азық-түлік дайындап, ел аралап кетеді. Жолда бір қарияға жолығады. Қарт болса жас жігіттен көмек сұрайды:

- Оу, ер жігіт! Көмектесе гөр! Менің қожайыным адам емес, жын. Күндіз-түні еңбек етсем де бір жақпадым. Нан илеуден белім бүгіліп, еңсемді көтерер шамам қалмады. Менің орныма бір күн нан илеп, пісіріп бересің бе? – дейді.

Ертегіні YouTube арнамыздан да тыңдауға болады

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=LeT8NYamO7M[/embed]

Жігіт келіседі. Қожайынның сарайына барып, айналасын баққан ол сарайдың қабырғасын ұрып қалып еді, қабырғалар дірілдеп, төбесі опырылып, сарайдың әп сәтте тас-талқаны шығады. Қожайын болса үйіндінің астында қалады.

Сонда адамдар  жүгіріп келіп:

- Енді бізге кім қожайын болады – деп сұрайды.

Сонда жігіт:

- Әркім өзіне өзі қожайын болсын, өз бақытын өзі жасасын! – деп кеткен екен.

Содан бері адам баласы өз бақытына ие боламын десе, ерік өзінде деседі.

Аударған Қарлығаш ӘУБӘКІР

Тағы қараңыз:

Ертегі аудармашының ұсынуымен жарияланды.

Көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Канада: Путинді Гаага сотына тарту керек

11.05.2020

Жұмабай Шаштайұлы: «Ескіруді ескермейтін ұлтқа айналып барамыз»

08.10.2020

Тойшыл Назарбаев коронавирусқа қарсы 150 миллион бөлді

21.03.2020

Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын қарыз алып түсірмек пе?

04.02.2020

Қазақстандағы «маски-шоу»

23.03.2020

Мектеп бітіру кешіне түлектердің ата-аналары да бармайды

12.05.2020
MalimBlocks
Канада: Путинді Гаага сотына тарту керек

Жұмабай Шаштайұлы: «Ескіруді ескермейтін ұлтқа айналып барамыз»

Тойшыл Назарбаев коронавирусқа қарсы 150 миллион бөлді

Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын қарыз алып түсірмек пе?

Қазақстандағы «маски-шоу»

Мектеп бітіру кешіне түлектердің ата-аналары да бармайды