АӨК-ті дамыту үшін субсидия көлемі ұлғайтылды

Malim Админ

  • 29.05.2021

Еститін мемлекет, азаматтардың үніне құлақ асатын үкімет бастамалары айтыла бастағалы қолға алынған шаралардың бірі ретінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған  Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті айтуға болады. Бұған дейін бірнеше отырыс өткізген бұл кеңес мүшелерінің бастамасымен азаматтарды жеке қабылдау, ұсыныстарын тыңдау шаралары да ұйымдастырған. Фермерлер мен жалпы азаматтарды АӨК тақырыбында не қызықтырады, қандай кемшіліктер бар, нендей ұсыныстар бар, соның бәрін талқылап, дұрыс жолға қойып отыру үшін бұл кеңестің орны ерекше деуге болады. Осы кеңестің тағы бір жиынына Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қатысып, министрліктің 2020 жылы атқарған жұмыстарымен, олардың нәтижелері, жеткен жетістіктер, кеткен кемшіліктер жайын айтып берді.

Қазір осымен екінші жыл тоқтаусыз жүріп жатқан коронавирус пандемиясына қарамастан, агроөнеркісіпті дамыту саласы барлық көрсеткіштері бойынша өсімге қол жеткізіп отыр. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6 пайызға артып, жалпы табыс көлемі 6,3 триллион теңгені көрсеткен. Әлемде экономикалық ахуал ушығып, кейбір елдерде азық-түлік тапшылығы сезіліп тұрған уақытта, бұл үлкен жетістік саналатынын айта кету керек. Министр мұндай жетістікке мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласына көп мән беруінің, субсидия шарттарын төмендетуінің арқасында жеттік дейді. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік аграрлық саясат индикаторларының жоспарлы түрде жұмыс істеуі және орындалуы, сонымен қатар, жүйелі жұмыс пен өткен жылдың көктемінде дағдарысқа қарсы шұғыл шешімдердің дер кезінде қабылданғаны ықпал еткен.

«Өткен жылы дағдарысқа қарсы шараларды есептегенде, мемлекеттік қолдау көлемі 366 миллиард теңгеге дейін жетті. Бұл 2019 жылғы деңгейден 13 пайызға артық. Атап айтқанда, субсидиялау барынша жеңілдетіліп, толық автоматтандырылды. Оның белгілі бір салаға ғана назар аудармай, бірыңғай тәсілді көздейтін механизмдері қайта қаралды. Сондай-ақ шағын және орта фермерлерді субсидиялауға қол жеткізу шегі өзгертілді», - деді министр Сапархан Омаров.

Министр айтқан субсидия шарттарының жеңілдігі дегенде бірнеше бағытты атап өту керек. Мәселен, өсімдік шаруашылығындағы барлық субсидиялар Бірыңғай ережелерге біріктірілді,с ондай-ақ, өсімдіктерді қорғау құралдарын субсидиялау ауқымы да кеңейтілді. Бұнан дейін министрлік гербицидтерді субсидиялап келсе, бұдан былай пестицидтердің басқа да түрлері субсидияланатын болады. Субсидияға қатысты тағы бір жаңалық, ең бастысы да осы деуге болады – фермерлер субсидияларды бекітілген арнайы уақыт шегінде ғана емес, тұқымдар мен тыңайтқыштарды және пестицидтерді сатып алынған күннен бастап жыл он екі ай бойы алып, пайдалана алады. Бұл да шаруалар үшін зор мүмкіндік екенін ескеру керек. Өйткені, кезек күтіп жүргенде уақыт өтіп кетуі мүмкін, алдын ала қам жасауға, жылдың барлық мезгілінде егіні мен жерін күтіп баптауға мүмкіндік бар.

Субсидияның көлемі де өскен. Несиелердің (қаржы құралдарын жетілдіру аясында айналым қаражатын толықтыруға арналған) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау норматиыі 5 пайыздан 7 пайызға ұлғайтылса, егін егу және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін алынған несиелердің сыйақы мөлшерлемесі 9 пайызға дейін субсидияланбақ.

«Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері үшін кепілдік базасы жетпеген жағдайда екінші деңгейдегі банктердің несиелеріне кепілдік беру механизмі қолжетімді болды. Несие сомасының 50%-на дейін және басым инвестициялық жобалар бойынша несие сомасының 85%-на дейін кепілдік беріледі.

Өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласында сақтандырудың жаңа жүйесі жұмыс істей бастады. Яғни, сақтандыру ерікті түрде жасалады. Сондай-ақ өсімдік шаруашылығы саласын ғана емес, басқа да салаларды сақтандыру механизмі енгізілді», - дейді министр.

Министр Сапархан Омаровтың есебінен кейін, отырысқа қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері төралқа құрамын бекітіп, ережені және жылдық жұмыс жоспарын анықтады. Көпшілігі атқарылған жұмыстарға оң баға бергенін де айта кету керек.

Байланысты жаналықтар

Егістікті сақтау: Шегірткемен күрес тоқтамайды

26.05.2021

«TM AND ART EDUCATIONAL SCHOOL»

21.09.2021

Досаев болжамды неге сүйеніп жасайды?

26.01.2021

Работающая бедность. Почему правительство не повышает пособия?

03.06.2022

ВЕДЕТСЯ РАБОТА ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ МИКРОРАЙОНА ТУРАН КАЧЕСТВЕННОЙ ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЕЙ

19.05.2021

Атомное обнуление. Об АЭС теперь решений нет

03.02.2022
MalimBlocks
Егістікті сақтау: Шегірткемен күрес тоқтамайды

«TM AND ART EDUCATIONAL SCHOOL»

Досаев болжамды неге сүйеніп жасайды?

Работающая бедность. Почему правительство не повышает пособия?

Инфляция и безудержный рост цен в этом году все больше вызывает недовольство граждан, особенно среди тех, кто зависит от социальных выплат государства. Но повышать прожиточный минимум и порог бедности в правительстве все равно не хотят. Чиновники объясняют это страхом перед ростом иждивенческих настроений. Но независимые эксперты видят совсем другие причины.

ВЕДЕТСЯ РАБОТА ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ МИКРОРАЙОНА ТУРАН КАЧЕСТВЕННОЙ ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЕЙ

Атомное обнуление. Об АЭС теперь решений нет

Напомним, ранее риторика властей относительно строительства АЭС, несмотря на то, что в обществе звучала критика, была более категоричной.