АШМ: 32 млн малға 23 млн тонна жем-шөп дайын

  • 24.09.2021

Елімізде 32,8 миллион бас малды қыстан аман-есен алып шығу үшін 23,2 млн тонна шөп дайындалғанын хабарлады ауыл шаруашылғы министрлігі.

Министрліктің мәліметінше,3,2 млн гектар алқаптан екпе шөп орылып, 2,6 млн гектар егістен мал жемі дайындалған.  2021 жылдың 22 қыркүйегіндегі есептері бойынша, 23,2 млн тонна шөп жиналған.

«Бұл жоспардың (23,8 млн тонна) 98%-ға орындалғанын көрсетеді. Бұдан бөлек, 1,5 млн тонна (94%) пішендеме, 1 млн тоннадан астам (53%) сүрлем, 2,9 млн тонна (61%) сабан дайындалды» дейді ресми хабарлама.

Биылғы құрғақшылық мал азығы қорын жинауға қиындық туғызды. Жайылымдардың басым бөлігі өртеніп,табиғи шабындық жерлерде де шөп қалың болмады. Үкімет пен тиісті министрлік жем-шөп дайындау ісінде жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіріп, республикалық жедел штаб құрып, әрекет етті.

Құрғақшылық қысқан аймақтарға қаржылай көмек те көрсетті.  

«Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында жем-шөп сатып алуға Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 1,2 млрд теңге игеріліп, 632 шаруа қожалығы мен 6021 жеке қосалқы шаруашылықтың шығыны төленді. Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлініп, оның 1 млрд теңгесі 692 шаруа қожалығының шығынын өтеуге жұмсалды.Маңғыстау облысының әкімдігі жергілікті бюджеттен шөп пен жем сатып алуға қосымша 5,3 млрд теңге (1,9 млрд теңге – 26 мың тонна шөп сатып алуға және 3,4 млрд теңге – 34 мың тонна жем сатып алуға) бөлді» дейді министрлік баспасөз баяндамасы.

Ал жем-шөп бағасының қымбаттауына байланысты бірқатар облыс әкімдіктері (Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, СҚО, Атырау, Шымкент қ.) мал азығын сатып алу құнын арзандату үшін жергілікті бюджеттен 13,6 млрд теңге қаржы бөліпті. Ақтөбе облысы биыл 6,7 млрд теңге бөліп, облыстың барлық агроқұрылымдарын субсидиямен қамтыған.

Сондай-ақ, малға беретін шөп түрлерін ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым да салынған еді.

 

Байланысты жаналықтар

Жайылым кең болса, мал да көбейеді, ет өндірісі де артады

18.03.2021

Тоғжанов Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарын аралады

16.03.2021

Қуаңшылықтан титықтаған шаруалар: «Жаңа әкімнің түрін көрмедік»

20.09.2021

Ауыл шаруашылығын дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

05.03.2021

"Маңғыстауға беретін халықта ақша жоқ. Олигархтардан алсын"

12.08.2021

Жер реформасы – жауапты міндет

23.03.2021
MalimBlocks
Жайылым кең болса, мал да көбейеді, ет өндірісі де артады

Тоғжанов Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарын аралады

Қуаңшылықтан титықтаған шаруалар: «Жаңа әкімнің түрін көрмедік»

Ауыл шаруашылығын дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

"Маңғыстауға беретін халықта ақша жоқ. Олигархтардан алсын"

Жер реформасы – жауапты міндет