Бір жылда 27,7%. Үй бағасы тағы қымбаттады  

Қазақстанда баспана бағасы бесінші жыл қатарынан қымбаттап отыр

Malim Админ

  • 06.05.2022

Былтырғы сәуір мен биылғы сәуір аралығында пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату құны 20,3% қымбаттады. Ал абаттандырылған баспананы жалға алу төлемі 22,2% көтерілді. Бір айдың ішінде, яғни 2022 жылғы наурызға қарағанда қайта сатуға қойылған баспана құны 1,8% өсіп, шаршы метріне 459 137 теңге шамасында болды. Ұлттық статистика бюросы осындай ақпарат таратты.  

Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі сәуірде 0,8% жоғарылап, шаршы метріне тиісінше 412 315 теңге және 3 561 теңгені көрсетті.

Қазақстанда баспана бағасы бесінші жыл қатарынан қымбаттап отыр.

Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана тіркелді. Ол кезде жаңа тұрғын үй 3,6% арзандады. 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метрдің бағасы 1,6% төмендеді

FinReview сарапшылары  алда аса ауқымды өзгеріс күтудің қажеті жоқ деп пайымдайды.  Үйдің қымбаттауы  азаматтардың  өз жинағын құнсызданудан қорғауға деген ұмтылысы мен  инфляция өсіміне тікелей қатысты.  Әдетте нарық экономикасы жағдайында тұрғын үй бағасы инфляция деңгейінен жоғары мәнде өседі. Бірақ қазір баға онсыз да 15-20%-ке қымбат, сондықтан алдымен бағаның реттелуін күту қажет. Алайда ол екіталай, яғни, баспана бағасы арзандамайды. Екінші жартыжылдықта баға 10% шегінде қымбаттайды", - дейді  сарапшылар.    

Байланысты жаналықтар

Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Қазақстанның Қытайдың ырқына жығылғаны рас па?

07.04.2021

Екпе төңірегіндегі дау: Қазақстанда вакцина тапшы ма?

06.05.2021

Ұлттық Қор қаржысын есепсіз пайдалану дефолтқа алып келуі мүмкін

05.08.2021

Алтынбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ ісі: Қаскелеңдегі сотқа қайта қарағанда

11.02.2020

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ

30.06.2021

Президент «Қазақстан» атын өзгертуге қарсы шықты

16.06.2022
MalimBlocks
Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Қазақстанның Қытайдың ырқына жығылғаны рас па?

Екпе төңірегіндегі дау: Қазақстанда вакцина тапшы ма?

Ұлттық Қор қаржысын есепсіз пайдалану дефолтқа алып келуі мүмкін

Алтынбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ ісі: Қаскелеңдегі сотқа қайта қарағанда

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ

Президент «Қазақстан» атын өзгертуге қарсы шықты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстан Республикасының ресми атауын өзгерту туралы пікір білдірді.