Цифрлық таңбалау: сүт өнімдері бақылауда болады

  • 20.07.2021

Тауарлардың сапасын бақылау ең алдымен азаматтардың денсаулығы үшін маңызды саналады. Және сапа стандарты жоғары тауарлар экспорт мәселесінде де үлкен мәнге ие. ХХІ ғасырда бүкіл дүние жаңа стандарттар бойынша өз тауарын жылдам әрі тиімді саудалауға мүмкіндік алды. Сапаны бақылау да солай. Қазір баяғыдай емес, тауардың сапасын анықтау үшін цифрлық таңбалауды пайдалану қажеттігі туындап отыр. Мәселен, Қазақстан сүт тауарларын бұдан былай цифрлық жүйе арқылы бақылай алады. Бұл тек өндірушілер үшін ғана емес, өндірушілер, оның ішінде шекара сыртындағы тұтынушылар үшін де ыңғайлы. Өзі сатып алған тауардың қандай да бір кемшілігі бар ма, бұл тауардың сипаттамасында көрсетілгендей түп нұсқа ма, әлде біреулердің орта жолдан жасаған басқа тауары ма, соның бәрін анықтау үшін цифрлы таңбалауды енгізсе жеткілікті.

Бірақ, бұл қаншалықты оңай? Бұған өту қанша уақыт алады деген сұрақтар туатыны заңдылық. Қазір қазақстандық сүт өнімдерін өндірушілер цифрлық таңбалау процесін белсенді түрде зерттеп жатыр. Бұл тұрғыда 2019 жылы наурыз айында Қазақстан тарапы Президент бас болып Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды таңбалау және бақылау туралы келісімді ратификациялаған. Бұл мәселе жөнінен Ресей тарапы да белсенді жұмыстар жүргізе бастады. Айталық, өткен жылы Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық комиссияға өз аумағында тауарларды таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу туралы хабарлады.  Одан көп өтпей бұл процеске Беларусь Республикасы да қосылатынын мәлімдеген.

Міне, осындай жағдайда қазақстандық сүттің Кеден одағы нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету өте маңызды шаруа. Бұл шаруамен қазір ҚР Үкіметі айналысып жатыр. Олар таңбалау құралын енгізбекші. 2020 жылдың қазан айында бірқатар сүт кәсіпорындарының алаңдарында цифрлық таңбалау процестерін сынақтан өткізу жұмыстары жүрген. Әрине, бұл әзірге пилоттық жоба. Егер, сәтті жүзеге асса, кедендік одақ деңгейінде қазақстандық сүт өнімдерін цифрлық таңбалар арқылы бақылау мүмкіндігі ашылады.

«Пилоттық жобаның мақсаты қажетті таңбалау жабдығын іріктеу, ұлттық таңбалау жүйесінің жұмысын сынақтан өткізу, таңбалауға әкеп соғатын барлық жаңалықтардың құнын есептеу болып табылады. Өз кезегінде, тауарларды цифрлық таңбалау сапасыз өнімдермен күресудің негізгі құралы болып табылады:

- мерзімі өткен тауардың істен шығуы кассалық аппаратпен бұғатталады;

- таңбаланған өнімді сатып алушы мобильді қосымшаның көмегімен бұзушылықтар туралы сигнал бере алады;

- өнімді бұрмалау мүмкін болмайды.

 Бұл шаралар нарықты «ағартуға» және қазақстандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауға көмектеседі», деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Цифрлық таңба енгізу жалпылама емес, әр тауардың жеке-жеке бірлігі үшін жүргізіледі. Яғни, тұтынушы өзі сатып алған тауар туралы барлық ақпаратты циярлық таңбалау арқылы біле алады. Былайша айтқанда, таңбалау процесі тауарларды өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін бақылауды қамтамасыз етеді. Өнімнің барлық логистикасы таңбалау жүйесінде сақталғандықтан кез келген тұтынушы сатып алмақ өнімнің жалған тауар емес екеніне көз жеткізе алады. Бұл кері мағынасындағы бәсекелестіктің де жолын кесетін болады. Одан бөлек, тауардың әр бірлігін есепке алу тұрғысында да көптеген жұмыстарды жеңілдетеді. Қысқасы, өнім өндіруші өз тауарына қатысты қандай да бір ескертпені немесе өзге тараптан болған заң бұзушылықты дер кезінде біле алады.

Тағы бір айта кетерлігі, жауапты министрліктің хабарлауынша бұл жобаның көптеген шығындарды азайту тұрғысында да атқарар ролі зор болмақ.

«Өндірушілердің шығындарын азайту үшін ірі бизнес үшін шығындарды 40%-ға дейін, орта және шағын бизнес үшін тиісінше 60%-ға дейін және 80%-ға дейін (бірақ 30 000 АЕК-тен аспайтын) өтеу шаралары пысықталуда. Бұл жоба қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдарда келісуден өтуде. Тауарларды цифрлық таңбалау Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жүзеге асырылатын ұлтаралық жоба болып табылады».

Цифрлық таңбалау тек сүт өнімдеріне ғана емес, өзге де бірнеше тауар түрлеріне міндеттелетін болады. Атап айтсақ, темекі өнімдері, аяқ киім, алкогольді, фармацевтикалық препараттар, оралған су және құрамында қант бар сусындар, одан бөлек жеңіл өнеркәсіп тауарлары цифрлық таңбалау жобасына қосылады.

Байланысты жаналықтар

Экономические проблемы Казахстана, России и Украины подогревают спрос на жилье в Турции

08.05.2022

САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

19.05.2021

Шымкентте жол құрылысы қарқынды жүруде

15.05.2021

Мұрат Әйтенов бірқатар құрылыс нысандарын аралады

19.05.2021

Кризис усиливается. А что если Казахстану выйти из Таможенного союза?

25.02.2022

Шымкент экономиканың жеті саласы бойынша үздіктер қатарында

12.05.2021
MalimBlocks
Экономические проблемы Казахстана, России и Украины подогревают спрос на жилье в Турции

После ухода Назарбаева казахстанцы покупали «запасной аэродром» в Турции, а после январских событий на него приземлились

САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте жол құрылысы қарқынды жүруде

Мұрат Әйтенов бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Кризис усиливается. А что если Казахстану выйти из Таможенного союза?

Шымкент экономиканың жеті саласы бойынша үздіктер қатарында