ЕНДІ ӨНІМНІҢ ӨЗІ ТЕКСЕРІЛЕДІ
ЕНДІ ӨНІМНІҢ ӨЗІ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Ендігі уақытта субъектілерді бақылаудан объектілерді бақылауға көшу жаңашылдық болмақ. Енді өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексеріледі. ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Бастар Есқараев ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде «Техникалық реттеу туралы» заңның жаңа редакциясы туралы айтып берді.
Бастар Әуелханұлының айтуынша, Бұл үшін зертханалық сынақтар жүргізу мақсатында қауіпсіз емес өнімнің үлгілерін іріктеу рәсімі енгізіледі.
«Негізгі міндет - ҚР нарығын қауіпсіз емес және сапасыз өнімнен қорғайтын заң қабылдау болды. Сондай-ақ, бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде оларға артық жүктеме көрсетпей, отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін енгізу», - деп түсіндірді департамент басшысы.
Сонымен қатар, ол былтыр 3 жоспардан тыс тексеру, 2 бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау, профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша берілген нұсқаманың орындалуына 1 жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін атап өтті. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Новый генплан поможет Досаеву замести следы - общественники
Алматинские общественники выступили против утверждения нового генерального плана города. Они считают, что принятие документа в спешке, до конца этого года, поможет властям легитимизировать нарушения, ранее допущенные в сфере строительства. В четверг, 8 декабря, инициативная группа «STOP застройке» опубликовала петицию.