«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының лауазымды тұлғалары сотталды

  • 28.09.2021

Еліміздің Қаржылық мониторинг агенттігі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істің аяқталғанын   хабарлады.

Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның лауазымды тұлғаларымен ақша қаражатын жымқыру дерегінің жолын кесті. Тергеу кезінде 2017-2018 жылдары «Маңғыстаумұнайгаздың» құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Д. Бейсембин және оның орынбасары А. Дәуленбаева жылжымайтын мүлік нысандарының құқық белгілеуші құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу бойынша қызмет көрсеткені үшін Д.Лисовой және А. Юндтпен жалған шарттар жасағандығын анықталып отыр.

Осы орайда компанияның 700-ден астам жылжымайтын мүлік нысандарының құжаттары облыстың мемлекеттік мұрағатында сақталған және оларды қалпына келтіру қажет болмаған. Тіпті, керек болған жағдайда бұл құжаттардың көшірмелері тегін ұсынылады.

Осылайша, компанияның шоттарынан қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында Д. Лисовойдың атына негізсіз 455 миллион теңгеден астам қаражат аударылғаны анықталды. Көрсетілген қызметтер үшін Д.Лисовой мен А. Юндттың әрқайсысы 10 миллион теңгеден иеленген. Аталған лауазымды тұлғалар былтыр тамыз айында қамауға алынған болатын. Ұзақ уақытта созылған тергеуден кейін, сот кінәлі тұлғаларды 5 жылға бас бостандығынан айырған.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғалары ақша жымқыруды жүзеге асырған уақыттары компанияның бас директоры қызметін Бақыт Иманбаев басқарған.  

Жанкелді Қаржан, Ақтау қаласы

Байланысты жаналықтар

Ноғаев орынбасарларына онлайнда болуды тапсырды (ВИДЕО)

06.10.2021

Сенатор Трұмов әкім Трұмовтың 6 миллиондық жұмыртқа жырын біле ме?

22.09.2021

"Маңғыстауға беретін халықта ақша жоқ. Олигархтардан алсын"

12.08.2021

Маңғыстаудағы жұт: "Малымыз әр жерде жығылып жатыр"

03.06.2021

Ноғаев әкім болғалы Маңғыстауда бір шенеунік қызметінен кетті 

01.10.2021

Мұнайшының орташа айлығы үш жарым миллион теңге...

01.11.2021
MalimBlocks
Ноғаев орынбасарларына онлайнда болуды тапсырды (ВИДЕО)

Сенатор Трұмов әкім Трұмовтың 6 миллиондық жұмыртқа жырын біле ме?

Маңғыстауда алты миллионға алған жұмыртқа жарамсыз болып шығыпты...

"Маңғыстауға беретін халықта ақша жоқ. Олигархтардан алсын"

Маңғыстаудағы жұт: "Малымыз әр жерде жығылып жатыр"

«Бізге келіп, ел қалай, жер қалай деп, бір-бірімізді үйлестіріп, хабар алып жатқан әкімдер жоқ".

Ноғаев әкім болғалы Маңғыстауда бір шенеунік қызметінен кетті 

Мұнайшының орташа айлығы үш жарым миллион теңге...