Мемлекет кепілдендіреді, фермерлер несие алады

Malim Админ

  • 14.05.2021

Жаңа ғасыр қазақстандықтардың санасына мықтап енгізген бір түсінігі – несие шығар. Әрине, оны жеріңді өңдеп, шаруашылығыңды реттеу үшін, бизнесіңді аяққа тұрғызу үшін алуға болады. Бұл жағынан алғанда, несие аз жыл ішінле өзін артығымен орындап жатады. Бірақ, мұнда ескеретін астыртын бір қиындықтар болатын. Мәселен, сіз жаңадан жұмыс бастағыңыз келеді, бизнес жоспарыңыз бар. Бірақ, соны бастап, жүргізіп кеткетін қаражатыңыз жоқ, қалтаңыз жұқа. Немесе белгілі бір сомасы жетпей тұр. Не істеу керек? Әлбетте, екінші деңгейлі банктерге барасыз. Бірақ, сіздің дәл осы кезде тұрақты табысыңыз жоқ және кепілге қоятын мүлкіңіз де болмай тұр. Амал жоқ, кері қайтасыз, сөйтіп, сіздің ішіңізде пісіп-жетілген бір бизнес жоспар күйіп кетті. Осындай кезде, соңғы жылдары ауыл шаруашылығына жіті мән беріп, онымен айналысам дегендерге жан жақты қолдау көрсетіп келе жатқан мемлекет есіңізге түседі. Оның түрлі жеңілдіктегі бағдарламаларын зерттей бастасаңыз, жаңа ғана мүмкін емес деп шығарып салған банктен несие алуға мүмкіндік бар екенін білесіз. Әрине, оңды солды ақша шашып екінші деңгейлі банктер ақылынан алжасқан жоқ, министрлік те арнайы бір ең тиімді деген бағыттарды кепілдендіруге мүдделі.

Ең алдымен айта кету керек, бұл бағдарлама 2020 жылдан бері іске асырылып келе жатыр және жылдан жылға жетілдірілу үстінде. Бір анығы, бизнес жоспарыңыз талапқа сай келсе, сізде шаруаңызды түзеп алуға мүмкіндік мол. Жыл сайын жетілдіріліп келе жатыр дедік қой, биылғы несиені кепілдендіру мәселесіне қатысты өзгерістер қандай? Ауыл шаруашылығы министрлігі екінші деңгейлі банктер агробизнеске ұзақ мерзімді несие бергенде қандай бағыттар мемлекеттік кепілдендіруге жататынын хабарлаған, енді соған азырақ тоқтала кетсейік.

2020 жылы құрылған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қазіргі таңда несиелерді мемлекеттік кепілдендірудің негізгі механизмі болып табылады. Фермерлерге қызмет көрсететін бұл қор қазір екінші деңгейлі банктерді ауыл шаруашылығын несиелендіруге ынталандыру бағыты бойынша жұмыс істеп келе жатыр. Банк несие бергенде фермердің түріне қарап емес, оның қаншалықты сенімді екеніне қарап береді. Өйткені, айтпаса да түсінікті, банк жүйесі азаматтарға берілетін несиелердің сыйақысы арқылы дамиды. Ал, пайыздыұқ үстеменің қанша болатынын, қалай есептелетіні екінші кезектегі мәселе. Осыған орай, Қазақстан үкіметі ауыл шаруашылығы саласы бойынша алынған несиелердің пайыздық үстемесін төмендету бойынша да бірқатар жұмыстар атқарды. Тіпті, кейбір мәселелерде несиелердің пайыздық өсімінің белгілі бір мөлшерін субсидиялауды да қолға алған. Осыны ескерсек, банктер мен фермерлер арасын жалғап тұрған жауапты ведлмство жемісті жұмыс істеп келе жатыр деп есептеуге болады. Қазір де жоғарыдағы қор банктердің банктердің несиелік тәуекелдерін азайту және аграрлық саланы қаржыландырудың тартымдылығын арттыру үшін жұмыс істеп келе жатыр. О баста қор құрудың мақсаты да осы болған.

Биылғы мәәліметтерге қарағанда, кепілдік беру жүйесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, яғни, екінші деңгейлі банк несиесінің көмегімен инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлаған жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Бұл кәсіпкерлік субъектілерге Акционерлік қоғамдар (АҚ), Жауапкершілігі шектеулі серіктерстіктер (ЖШС), Шаруа қожалықтар (ШҚ), т.б. жатады.

Әрине, мемлекет несиенің барлық сомасын кепілдендірмейді. Өйткені, инвестиция деген сөз жүрген соң, мұндағы қаржы көлемі де орасан. Шартқа сәйкес, жылдық сыйақы мөлшері 17%-дан аспайтын 5 миллиард теңгеге дейінгі несиені 10 жылға дейінгі мерзімге алатын фермерлер мемлекет тарапынанкепілдік ала алады.  Оған кететін 30 пайыз комиссияның 29,9 пайызын жергілікті атқарушы орган төлесе, қалған 0,1 пайызын ауыл шаруашылығын өндіруші төлейді.

Ал, тағы бір шартта кепілдендіру мөлшерін негізгі қарыз сомасының 50%-на дейін жеткізуге болатыны айтылған. Мұнда ескеретін бір мәселе, несие 1,5 миллиард теңгеден аспауы тиіс.

Басымдық беріліп отырған инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері – 85%-ға (2,55 миллиард теңгеден аспайтын) дейін жетеді. Жоба іске қосылғаннан кейін де белгіленген жеңілдіктер бар.

Жалпы алғанда, аталған кепілдік Агроөнеркәсіп кешеніндегі қызметтің барлық бағыты бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қататр, тамақ өнімдерін өндіру қызметінің инвестициялық жобаларын іске асыруға берілмек. Ал,кепілдік беруде басымдыққа ие инвестициялық бағыттар - тауарлы сүт фермалары; етті құс шаруашылығы; қарқынды бақ; жылыжайлар; қант қызылшасын өсіру және қызылша қантын өндіру; жарма өндірісі; көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу; өсімдік майы мен май өнімдерін өндіру.

Міне, осы бағыттар бойынша кепілдік алатын фермерлер болашақта осы салаларды дамытып, Агроөнеркісіпті кешенді дамыта түседі деп сенуге болады.

Байланысты жаналықтар

Министр «екеудің орнына бір реттеу» қағидасын ұсынды

01.07.2020

«Астана» қаржы орталығы ішкі туризмді де дамытпақ

22.10.2020

Жылқы шаруашылығына сұраныс жоғары

07.03.2022

Мұрат Әйтенов Құрылысты сапалы етіп салуды тапсырды

20.05.2021

Баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады

13.10.2022

Доллар арзандады, заттың бағасы неге қымбат?

02.04.2022
MalimBlocks
Министр «екеудің орнына бір реттеу» қағидасын ұсынды

«Астана» қаржы орталығы ішкі туризмді де дамытпақ

Жылқы шаруашылығына сұраныс жоғары

Соңғы төрт жылда Қазақстанда бие сүтінің көлемі 5,2%-ға артып, жылына 27 мың тонна қымыз, саумал өндіретін жағдайға жетті.

Мұрат Әйтенов Құрылысты сапалы етіп салуды тапсырды

Баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады

Kaspi.kz Әділет министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесе отырып, жаңа сервисті іске қосты.

Доллар арзандады, заттың бағасы неге қымбат?

Дотация берілген әлеуметтік аса маңызы бар тауарлардың бағасын мемлекет арзандата алады