Мемлекеттік қолдау: Шымкенттік кәсіпкер кәсібін кеңейтті

Malim Админ

  • 12.03.2021

Қазақстан экономикасында өзіндік орны бар үшінші мегаполисте қазір мемлекеттік қолдау арқасында кәсібін кеңейткен кәсіпкерлер жайлы жиі естуге болады. Соның бірі фурнитурамен айналысатын "KAZPLAST" компаниясы. Негізі 2006 жылы қаланған бұл компания қазір түймелерді, фиксаторлар мен карабиндерді өндірумен және сатумен айналысады.

Аталмыш компания алғашында тек әскери және арнайы киімдерге арналған түймелердің бірнеше түрі мен пішіндерін шығарумен айналысқан. Онда да түйме өндірісі ескі әдіс бойынша өндірілген.Соның салдарынан қосымша шығындары көп болған.

Сосын, кәсіпорын басшылары өндірісіне инновациялық технологияларды енгізу туралы шешім қабылдайды. Жаңа даму деңгейіне шығу, тауар алушылар санын арттыру, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болу мақсатында итальяндық түймелерді өндіретін құрал-жабдықтарды сатып алмақ болады. Ақыры, ойлағанары іске асып, мемлекеттік қолдаумен "Даму" қоры арқылы несие алып, жабдықтарды сатып алып, бағытын кеңейте түседі. Жейде, көйлек, пальто, күртешелер үшін, сондай-ақ арнайы киімдер үшін түйме жасап шығаруға мүмкіндік пайда болады.

Компанияның басшысы екі баланың анасы Дана Жұмабаева бұл жетістікпен тоқтамайды, өз кәсібін үнемі кеңейтіп отырмақ.

"Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Қазіргі уақыт - нағыз сол қолдауды пайдалана отырып, кәсіп ашып, оны дөңгелететін уақыт. Мемлекет тарапынан берілген қолдау маған да батыл шешім қабылдауыма көмектесті", - дейді ол.

Байланысты жаналықтар

Тұрғын үй саясаты: Жаңа технология жаңа белеске жетелейді

20.05.2021

«TM AND ART EDUCATIONAL SCHOOL»

21.09.2021

Көктемгі дала жұмыстары маусымның басында аяқталады

28.05.2021

Бозымбаев салмайды, Ноғаев пен Ерғалиев жоспарлайды

01.06.2021

Олигарх Шодиевтің інісі лицензиясынан айырылды

12.02.2021

Шымкент қаласында тамақ өнеркәсібінде 161 кәсіпорын жұмыс істейді

24.05.2021
MalimBlocks
Тұрғын үй саясаты: Жаңа технология жаңа белеске жетелейді

«TM AND ART EDUCATIONAL SCHOOL»

Көктемгі дала жұмыстары маусымның басында аяқталады

Бозымбаев салмайды, Ноғаев пен Ерғалиев жоспарлайды

Олигарх Шодиевтің інісі лицензиясынан айырылды

Шымкент қаласында тамақ өнеркәсібінде 161 кәсіпорын жұмыс істейді