Өндіріс ғылыммен ұштасқанда – "Амиран" сүт зауыты

Табиғи таза өнім шығаратын "Амиран" сүт зауыты - Қазақстандағы балаларға арналған таза сүт өнімдерін шығаратын тұңғыш өндірістік орталық

  • 30.03.2022

Қазақ баласын сүт өнімдерімен таңғалдыру қиын. Жастайынан табиғи өнім ішіп үйренген адамдардың «дүкеннің сүтін» іше алмай, таңдайына татымай жүргенін жиі көреміз. Табиғилығы сақталған өнім көрсе, «қолдың сүті» сияқты екен деп қоятындары да бар. Қазақстандағы осындай бір мақтауға ие болған өнім болса, ол – «Амиран» сүт өнімдері болса керек. Өзге өнімдер айлап сақталса, бұл зауыттың өнімдерінің сақталу мерзімі әлдеқайда қысқа. Сақтау мерзімін ұзарту үшін қаншама химиялық, биологиялық қоспалар қосылатыны түсінікті, осының есебінен көптеген сүт өнімдері айлап сақтауға мүмкіндік береді. Әрине, жол жүретін адамдарға, алыста тұратын жұртқа бұл өнімдер де керек, дегенмен, сақтау мерзімі үш күннен аспайтын өнімді тұтынудың жөні тіпті бөлек. Сиырдан сауылға сүт те табиғи қалпында осынша күнге шыдайды, әрине, талапқа сай, салқын жерде сақталса.

«Амиран» тағамтану академиясының зауыты қазіргі уақытта әртүрлі сүм өнімдерін шығарады. Тәулігіне 15 тонна сүт өңдейтін алып зауыт ересектерге арналған 15 түрлі өнім шығарады. Ересектерге деп бөліп айтып отырғанымыз, бұл зауыт балаларға арналған экологиялық таза өнімдер шығарумен айналысады. Қазір бұл зауыттан балаларға арналған 5 түрлі сүт өнімлерін ұсынып келеді. Міне, осы зауытқа ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев арнайы барып, зауыт жұмысымен ғана емес, «Амиран» тағамтану академиясының жалпы жұмысымен танысты. Ол жерде өнім өндіру процесі қалай жүреді, жем зауыты қалай жұмыс істейді, сиырлар қалай сауылады, азық қалай беріледі, қалай жайылады, бәрін аралап шықты.

Арнайы сапар кезінде өндірісті ғылыммен ұштастыру мәселесі айтылды. Аз шығынмен көп өнім алу, аз күш салып, үлкен жетістікке жету – ғылымның арқасында ғана мүмкін болатынын ескерсек, заманауи технологияларды тиімді пайдалану және уақытты үнемдеу тұрғысынан аталмыш зауыт бірқатар жетістіктерге жеткен. Зауыт директоры Алла Пак министрге өнім өндірудің технологиялық процесін таныстырды. Ол зауыттың тек инновациялық тәсілге негізделген технологиямен жұмыс істейтінін, өнімдердің адам денсаулығына, балалар үшін пайдалы дәрумендерді көптеп сақталуына күш салатынын, экологиялық таза өнім беру үшін бар мүмкіндікті пайдаланатынын айтты.

Бұл жетістіктер туралы академик, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры Аманкелді Саданов кеңінен таныстырды. Ғылыми-өндірістік орталық пен «Амиран» сүт зауыты арасындағы байланыстың нәтижесінде жаңа өнімдер де өмірге келіп жатыр. Соның бірі – адам ағзасына өте пайдалы есептелетін сүт сарысуы. Бұл өзі қайталама өнімге жатады. Кез келген шикізатты өңдеуде оны барынша тиімді, соңына дейін пайдалану – жетістіктің басты бір кілті десек, бұл сүт сарысуы соның бір дәлелі іспетті. Ірі қара мал басы, дамыған жемшөп базасы және сүттен бастап, балалар тағамына дейінгі сүт өнімдерінің танымал желісі бар бұл орталық қолда бар шикізаттан максималды түрде өнім алуға тырысатыны сөзсіз.

«Бірлескен қызмет нәтижесінде жаңа сусын – «Lacto-АС» әзірленді. Ашытқыны ғалымдар ғылыми-өндірістік орталықта жасайды, ал сусынның өзі «Амиран» ЖШС зауытында өндіріледі. Жоба жетекшісі, биология ғылымдарының кандидаты Байкен Баймаханованың айтуынша, сүт сарысуында сүттегі ең жақсы элементтер бар», - дейді орталық мамндары.

Министр Ербол Қарашөкеев те бұл өнімді жоғары бағалады. Ол мұндай өнімнің өзара іс-қимыл нәтижесінде пайда болатынын және оның асқа да өндірушілерге үлгі ретінде көрсетуге болатынын айтады. Кәсіпорын жұмысшыларымен еркін әңгімелесу кезінде де олардың бірқатар сұрақтарына жауап берген министрі кәсіпорын консерванттар, тұрақтандырғыштар мен бояғыштарды пайдаланбай заманауи, сұранысқа ие, ең бастысы табиғи отандық өнім шығаратын мұндай орталықтың ешқашан көптік етпейтінін де айтты.

«Бұл ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылының жарқын мысалы, қызықты жоба. Сондай-ақ ең бастысы, барлық тарапқа: институт, өндіріс пен тұтынушы үшін тиімді жоба деп санаймын. Сарысу мен ашытқыда адам денсаулығына пайдалы көптеген пайдалы микроэлементтер бар. Институт республиканың басқа сүт зауыттарында одан әрі көбейтіп шығару мүмкіндігі бар. Ісін жаңа бастаған пионер бола тұра, «Амираның» институт сатып алған жабдықта өзінің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Бұрын кәрізге құйылып келген сүзбе сарысуын пайдалануды ұлғайтып, осылайша өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қоса алады. Бізге осы оң тәжірибені кеңінен тарату қажет», - деді министр.

Айта кету керек, «Амиран» сүт зауыты Қазақстандағы балаларға арналған өнім шығару бойынша тұңғыш өндіріс орталығы.  

Нұрсана Қанағатқызы,
174 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы

Байланысты жаналықтар

Шекара шетіндегі аймақтың мығым болуы маңызды

03.04.2021

В МИКРОРАЙОНЕ ТУРАН ВЕДЕТСЯ СТРОИТЕЛЬСТВО ДОРОГ

19.05.2021

Жобалық менеджментті дамытуға байқау жарияланды

18.08.2021

Запрет на вывоз пластика может ухудшить экологию в Казахстане

09.06.2022

Жаңа салық саясаты: Кімге пайда, кімге шығын?

12.05.2020

Шымкентке венгрия инвесторлары келді

27.04.2021
MalimBlocks
Шекара шетіндегі аймақтың мығым болуы маңызды

В МИКРОРАЙОНЕ ТУРАН ВЕДЕТСЯ СТРОИТЕЛЬСТВО ДОРОГ

Жобалық менеджментті дамытуға байқау жарияланды

Запрет на вывоз пластика может ухудшить экологию в Казахстане

С 14 июня МИИР вводит запрет на вывоз ПЭТ-отходов с территории Казахстана на полгода. Правительство объясняет это желанием обеспечить отечественных производителей полимерной продукции доступным сырьём. Предполагается, что теперь отходы с мусорных полигонов не будут уходить на российские предприятия, как сейчас, поэтому местные переработчики пластика увеличат объёмы производства. О том, почему эта мера грозит ухудшением экологической ситуацию в стране, пишет юрист, заместитель председателя правления Союза независимого бизнеса Казахстана Шынгыс Темир.

Жаңа салық саясаты: Кімге пайда, кімге шығын?

Шымкентке венгрия инвесторлары келді