Қазақ-араб бірлескен энергетика холдингі құрылмақ

  • 27.10.2021

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі, инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор Ернар Жанәділ Араб Әмірліктерімен бірлесе холдинг құрылатынын хабарлады.

Энергетикалық холдингті арнайы комитет басқармақ және оның құрамында қазақстандық және араб компаниялары қорларының өкілдері кірмек. Холдинг Астана халықаралық қаржы орталығының негізінде құрылмақ екен.

«Бұл холдинг шеңберінде екі субхолдинг ашылады. Оның бірі  қолданыстағы электроэнергетика нысандарын жаңартуға инвестиция құяды. Ал екіншісі, жаңартылатын энергия көздерін жобалаумен  айналысады» дейд Ернар Жанәділ.

Ал Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша,  араб инвесторларымен жасалған келісім энергетика саласымен шектелмейді.

«Электр энергетикасынан өзге ауыл шаруашылығы және туризм, логистика салалары бар. Агроөнеркәсіп кешенінде 50 млн доллардан астам инвестиция тартылады. Жыл сайын 8 млн тоннадан астам қой еті шығарылатын болады. Бұл келешекте еліміздің ауыл шаруашылығындағы экспортты арттыруға мүмкіндік береді. Туризм саласын айтатын болсақ, Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарағай кешені салынатын болады. Осы жобаға 120 млн долларға дейін инвестиция қарастырылған» дейді министр.  

Байланысты жаналықтар

Биыл да астық экспорттаймыз

18.08.2021

Астаналықтар жаппай вакцинациялауды қолдайды

17.08.2021

Қолма қол ақшасыз төлем көбейіп келеді  

20.10.2020

Kaspi.kz - Қазақстандағы N1 интернет-дүкен

16.09.2022

Шымкентте 33 агроөнеркәсіптік жоба іске асырылады

17.03.2021

Шымкент қаласы туристерді қабылдауға дайын

17.05.2021
MalimBlocks
Биыл да астық экспорттаймыз

Астаналықтар жаппай вакцинациялауды қолдайды

Қолма қол ақшасыз төлем көбейіп келеді  

Kaspi.kz - Қазақстандағы N1 интернет-дүкен

Kaspi.kz бесінші жыл қатарынан электрондық коммерцияның көшбасшысы деп танылды

Шымкентте 33 агроөнеркәсіптік жоба іске асырылады

Шымкент қаласы туристерді қабылдауға дайын