Шымкент экономиканың жеті саласы бойынша үздіктер қатарында

  • 12.05.2021

Қазақстандағы миллион тұрғыны бар алып қалаларының қатарына қосылғанына көп бола қоймаған Шымкент қаласының көркі күннен күнге жаңарып, келушілерді де, қала тұрғындарын да қуантып жүр. Оның үстіне, Қазақстанды шығыс әлемімен байланыстыратын қақпа ретінде жиі аталып жүретін бұл қала еліміздің маңызды стратегиялық қаласы екені даусыз. Дәл Шымкент орналасқан оңтүстік аймақта елімізге кіретін импорт пен Орта Азия елдеріне жөнелтілетін экспорттың бұл қаланы басып өтпейтіні кем де кем.

Ендігі бір мәселе – Шымкентті тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азияның ірі қалаларының біріне айналдыру жоспары. Қазіргі атқарылып жатқан шаруалардың да көпшілігі осы мақсатта істеліп жатқанын айта кету керек. Бұл туралы 2019 жылғы 10 шілдеде үкімет шығарған қаулыда анық айтылған. Қаланы салудың және дамытудың  2023 жылға дейінгі жоспарында «Қаланың Орта Азияның ірі қалаларының біріне айналуы әлеуеті зор» деп тайға таңба басқандай жазылған.

Ендігі сұрақ, осы мақсатта атқарылып жатұан шаруалар қандай, Орта Азиядағы ықпалы зор қалалардың біріне, яғни, халықаралық экономикалық орталық дәрежесіне жеткізу үшін не істеліп жатыр? Осы мәселелерге тоқталып көрсек...

Ең алдымен айта кетерлігі, соңғы уақыттарда бұл қала экономиканың бірнеше саласы бойынша көш бастап тұр. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында берген есебіне сүйенсек, Шымкент экономиканың 7 бірдей саласы бойынша көш бастап тұр.

Экономиканың жетекші саласының бірі өнеркәсіп дейтін болсақ, бұл сала бойынша өнім көлемі 243,3 миллиард теңгені құраса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 114,4 пайызға артқан. Қалада салынған тұрғын үй көлемі бойынша да көрсеткіш 6,3 есеге өсіп, 111,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Бұл қалай алғанда да республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Жалпы, құрылыс саласы бойынша қала 19 миллиард теңгені игеріп, жұмыс көрсеткішін 22,5 пайызға арттырған.

Ал, ауылшаруашылығы бойынша  9,3 миллиард теңгенлік өнім алып, 1,6 пайызға арттырған. Бұл өсім және жалпы өнім көлемі Қазақстан бойынша үздік бестікке кіретін көрсеткіш.

Тағы бір айта кетерлігі, қаланың сауда жолы екенін жоғарыда ескерттік, демек, сауда-саттық көлемі мен инвестиция мәселесінде де жоғарғы көрсеткіш болатыны заңды. Айталық, қаңтар мен сәуір айлары аралығындағы есепке жүгінсек, қалаға 59,7 миллиард теңге құйылып, 25,2 пайыз жоғары өкрсеткішке жеткен. Ал, сауда-саттық 103,9 пайызды құрап отыр. Егер, былтырдан бері елімізде ғана емес, әлемді жайлаған пандемияны ескерсек, шекаралар жиі жабылып қалып тұрғанда, оның сыртында қалааралық қатынастар да қиындап кеткен уақытта сауда көлемін күткендегіден асыра орындау үлкен жетістік деуге болады.

Қазір тамақ өндірісі бойынша да үлкен бәсекелестік қалыптасып келеді. Бұл жағынан Шымкент қаласының арзан әрі дәмді тағамдарымен мақтана алады. Жыл басынан бергі 4 ай ішінде бұл қала 41,5 миллиард теңгенің өнімін шығарып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға асырған. Ұлттық экономика министрі бұл сала бойынша инвестиция көлемі де артып келе жатұанын айтады. Оның сөзіне қарағанда 0,2 млрд теңге инвестициялық қаржы игерілген. Былтырғ яғни, 2020 жылы Шымкентте тамақ өнеркәсібі бойынша 2 инвестициялық жоба іске қосылса, биыл тағы 3 жоба игеріледі деп күтіп отыр. Айта кету керек, дәл қазіргі уақытта қалада тамақ өнеркәсібі бағытында 161 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, онда 2,9 мың адам жұмыс істейді.

Шымкентте өндірілген тамақ өнімдеріне Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де сұраныс көбейіп келеді. Тамақ экспорты бойынша екі ай ішінде 19,8 миллион АҚШ долларға жеткен. Былтыр да бұл сала бойынша жақсы көрсеткіш болған, бір жыл ішінде 125,3 миллион АҚШ долларын құрағанын ескерсек және былтырғы көрсеткіштің сәйкес кезеңі биылғыдан 8,8 пайызға аз екенін ескерсек, биылғы көрсеткіштің былтырғы жылдан асып жығылатынына сенуге болады.

Жалпы алғанда, үкімет отырысында бұл қалаға жиі-жиі оң баға беріліп жүр. Бұл да көп нәрсені аңғартса керек. Индустиялды инновация; инвестиция тарту; тұрғын үй саясатын жетілдіру; кәсіпкерлікті дамыту салалары қарқынды жүргізіліп келе жатқаны соның дәлелі бола алады.

Байланысты жаналықтар

Досаев болжамды неге сүйеніп жасайды?

26.01.2021

Шымкентте Вьетнамдық кәсіпкерлермен бірігіп аяқ киім шығармақшы

12.08.2021

80% мұнай және бір құбыр: Ресей бізді осыған мәжбүрледі

25.03.2022

Суды үнемдеуге мүмкіндік мол

21.05.2021

Экономика: Президенттің тапсырмасы және министрдің 10 жоспары

14.07.2020

Үкімет шөп шабуға 43,6 мың тонна дизель отынын бөлмек

22.07.2021
MalimBlocks
Досаев болжамды неге сүйеніп жасайды?

Шымкентте Вьетнамдық кәсіпкерлермен бірігіп аяқ киім шығармақшы

80% мұнай және бір құбыр: Ресей бізді осыған мәжбүрледі

Мұнай құбырының бұзылуы – Ресей тарапынан қасақана жасалған әрекет.

Суды үнемдеуге мүмкіндік мол

Экономика: Президенттің тапсырмасы және министрдің 10 жоспары

Үкімет шөп шабуға 43,6 мың тонна дизель отынын бөлмек