Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін жұмыс жасап жатыр

Айбек Ережеп

  • 21.05.2021

Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін жұмыс жасап жатыр

Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына орай, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етудің бірінші кезеңі аяқталып, қаланың 11 жеріне байланыс антенналары орнатылған.

Мамандардың айтуынша, қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің екінші кезеңіне сәйкес 14 жер телімі анықталған. Белгіленген 8 жерге әкімдік, «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және жеке инвестормен бірлесе антенна-матчталық  құрылғылар, қалған 6 жерге мобильді байланыс операторлары тарапынан коммерциялық обьектілерге базалық станцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Олардың ішінде: А2 және Р-32 трассасы, аэропорт маңы, «226 орам», «Солтүстік-Батыс», «Қайнар бұлақ» саяжай алабы мен «Тассай», «Құрсай», «Самал-3», «Ынтымақ-2», «Достық», «Асар»  шағын аудандары және «Забадам», «Абдулабад» тұрғын алаптары бар.

Қазіргі таңда, «Ынтымақ-2» шағын ауданына антенна-матчталық құрылғы орнатылып электр-энергиясына жалғау жұмыстары жүргізілсе, «Тассай» елді мекеніне мердігер компания тарапынан антенна-матчталық құрылғы орнатылуда. Алайда тұрғындар тарапынан радиофобияға байланысты әртүрлі қауесет сөздерді есту арқылы базалық станцияның орнатылуына қарсылықтар білдіруде,-деді басқарма мамандары.

Салалық мамандар қала тұрғындарына базалық станция пәтер, жеке жер үй тұрғындарына еш зияны жоқ екендігін мәлімдеді. Олардың айтуынша, базалық станцияның толқыны, үйде күнде тұрмыста қолданатын қысқа толқынды пештің толқыны көлемінде. Базалық станциялар барлық бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай орнатылады. Бұл технология барлық елдерде қолданылуда.

Байланысты жаналықтар

Шымкентте шығатын құбырлар жарты ғасырға шыдамды

04.05.2021

Мемлекет басшысы Қытай қарызын төлеу үшін уақыт сұрады

15.04.2020

М.Әйтенов: «Әр үйді салғанда өзім тұрамын деп салыңыз»

24.04.2021

«Ел үміті» экономиканы реформаламақ

20.08.2020

Вторичка в Казахстане уже не растет. Рейтинг цен

27.05.2022

Capital Bank мүлкі жарты миллиард теңгеге сатылғалы тұр

27.09.2021
MalimBlocks
Шымкентте шығатын құбырлар жарты ғасырға шыдамды

Мемлекет басшысы Қытай қарызын төлеу үшін уақыт сұрады

М.Әйтенов: «Әр үйді салғанда өзім тұрамын деп салыңыз»

«Ел үміті» экономиканы реформаламақ

Вторичка в Казахстане уже не растет. Рейтинг цен

В мае в Казахстане наметилась тенденция по замедлению роста цен на вторичном рынке и даже их снижению.

Capital Bank мүлкі жарты миллиард теңгеге сатылғалы тұр

Capital Bank бизнесмен Орифджан Шодиевқа тиесілі. Орифджан Шодиев – миллиардер Патох Шодиевтың туысы.