Шымкентке венгрия инвесторлары келді

  • 27.04.2021

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов венгриялық «SmartSet International Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Баспасөз орталығының хабарлауынша, жиында «SmartSet International Ltd» компаниясының құрылтайшысы және Басқарма төрағасы Барнабас Ревес әкім М.Әйтеновпен ынтымақтасты дамыту, денсаулық сақтау және IT технологиялар саласында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылаған.

– Венгрия – Қазақстанның Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Әрі бауырлас халық. Үшінші мегаполис - Шымкентте инфрақұрылым дамыған, барлық жағдай бар. Қаланың Орта Азияда инвестициялар, технологиялар және зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болу үшін әлеуеті жеткілікті. Сіздер тараптан жоспарланған инвестициялық жобалар – көпсалалы аурухана, денсаулық сақтау орталығы, адам ДНҚ-сының құрылымын зерттейтін заманауи зертхана (генетикалық инженерия) және медициналық жабдықтар өндірісі сияқты инвестициялық жобалардың маңызы зор. Біз өз тарапымыздан инвестициялық жобаларды іске асыруда көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп қала әкімі өз ризашылығын білдіріпті.   

Ал Венгрия компаниясы Шымкентте денсаулық сақтау және IT саласын дамытуда бірқатар жобаларға қызығып отыр.

– Бүгінгі кездесу екі жаққа да тиімді болады деп ойлаймын. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, біз екі жақтың да мүддесі үшін тиімді және табысты жұмыс істей аламыз. Біздің бүгінгі бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде заманауи медициналық жабдықтар, жоғары кәсіби ауруханалар, жоғары IT-технологиялар бойынша денсаулық сақтау саласын дамытуда жобаларды іске асырамыз деп ойлаймын, – деген өз кезегінде Барнабас Ревес.

 

 

Байланысты жаналықтар

Көктемгі дала жұмыстары маусымның басында аяқталады

28.05.2021

Қыркүйекте арендалық 336 пәтердің құрылысы аяқталады

24.04.2021

Еліміздегі автоөнеркәсіп индустрияландырудың драйверіне айналуы мүмкін бе?

15.04.2022

Теңге әлсіреп, доллар қымбаттады

27.05.2022

Ешкіден 42 түрлі өнім алып отыр

25.03.2021

Елорданың шеткі көшелеріне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

16.11.2021
MalimBlocks
Көктемгі дала жұмыстары маусымның басында аяқталады

Қыркүйекте арендалық 336 пәтердің құрылысы аяқталады

Еліміздегі автоөнеркәсіп индустрияландырудың драйверіне айналуы мүмкін бе?

Қазақстанда сатылған 5 көліктің үшеуі елімізде құрастырылған

Теңге әлсіреп, доллар қымбаттады

Елордалық айырбас пункттерінде доллар 435-440 теңгеден сатылып жатыр

Ешкіден 42 түрлі өнім алып отыр

Елорданың шеткі көшелеріне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр