Шымкентте шығатын құбырлар жарты ғасырға шыдамды
Шымкентте бизнесті қолдау, қолдау көрген бизнестің қайтарымы жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына биыл «KAZ PLAST TRADE» серіктестігі қатысып отыр. 2009 жылы ашылған бұл компания 10 жылдан бері сумен және газбен жабдықтау, кәріз жүйелеріне арналған заманауи полиэтилен құбырларын шығарып келеді. Мамандандырылған кәсіпорын өніміне сұраныс көп. Өйткені сапалы шикізат және озық технологияларды қолданатындықтан құбырлары сапалы. Тапсырысты көп күттірмей, қысқа мерзімде жеткізіп береді. Клиентке ыңғайлы мүмкіндіктердің бәрі қарастырылған. Сосын, тауар көлеміне келгенде жетпей қалды деген әңгіме жоқ.
– Біздің құбырлар жер асты монтаждау жұмысында пайдаланады. Жер астында болған соң тауардың жарамдылық мерзіміне кепіл сұрайды. Біз шығаратын құбырлар жер асты, жер үсті болсын 50 жылға шыдайды. Бізге сенім артатын кәсіпорындардың көп тапсырыс беретіні сондықтан, – дейді компания директоры Махаббат Қойбағарова.
Енді, ісі бір жүйеге қойылған бұл компания неге «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысып отыр? Өйтені осы бағдарлама арқылы бұл компания «KZI Bank» АҚ-тан айналым қаражатын толықтыруға және жабдық сатып алуға жылына 14 пайыздық несие алды. Оның 8 пайызын «Даму» Қоры субсидиялайды. Яғни, осындай мемлекеттік көмектің арқасында компания өнім қуаттылығын одан әрі арттырып, нарықтағы географиясын кеңейте түспек.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Работающая бедность. Почему правительство не повышает пособия?
Инфляция и безудержный рост цен в этом году все больше вызывает недовольство граждан, особенно среди тех, кто зависит от социальных выплат государства. Но повышать прожиточный минимум и порог бедности в правительстве все равно не хотят. Чиновники объясняют это страхом перед ростом иждивенческих настроений. Но независимые эксперты видят совсем другие причины.