Шымкенттегі үздік сусын зауыты

Malim Админ

  • 16.03.2021

Шымкент қаласындағы «ВИЗиТ» ЖШС өндіретін алкогольсыз «Буратино», «Дюшес», «Тархун», «Лимонад» табиғи сусындарын білмейтін адам жоқ қаір. Бұл кәсіпорын өнімдерін «Денсаулық» сериясын қолдану арқылы дәрілік шөптер мен тамырлардың инфузиясы қосылған табиғи шикізаттан әзірлейді.

Аталмыш кәсіпорын бұл сапаға жету үшін аз ізденген жоқ. Сонау 1930 жылдан бастау алатын өндіріс орны 1991-1998 жылдары «Pepsi-Cola», «Coca-Cola» компаниялармен жұмыс істеп, өндірісін жетілдіре түскен. Одан беріде де техникалық жағынан жетілуді тоқтатпаған кәсіпорын 2006 жылы «KRONES» автоматтандырылған құю желісі орнатып, сағатына 12,0 мың бөтелке өндіруге қол жеткізді. Мұнан бөлек, GPS спутниктік навигация жүйесі енгізіліп, ескірген жабдықтар ауыстырылды. Сусындарды дайындауда көмірқышқыл газымен қанықтырудың озық технологиялары игеріліп, өндіріс қуаттылығы 3 есеге артқан.

Бұл компанияның дамуына мемлекеттік бағдарлама да көп көмек тигізді. Мәселен, 2019 жылы айналым қаражатын толтыру үшін компания «Даму» қорына жүгініп, екінші деңгейлі банктен 14,95% несие рәсімдеп, оның 8,95% «Даму» Қоры субсидиялаған. Осындай еңбек пен қолдаудың нәтижесінде «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС-і 2019 жылы «Алтын сапа» президенттік байқауында «Қазақстанның үздік тауары» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Байланысты жаналықтар

«Bus Stop»  для туристских автобусов

17.05.2021

Қала әкімі ауыз су жүйелерінің құрылысын бақылады

18.05.2021

ТЕПЕРЬ БУДЕТ ПРОВЕРЯЕТСЯ САМА ПРОДУКЦИЯ

19.05.2021

Шымкент 2 жылда 1 триллион 140 миллард теңге инвестиция тартпақ

17.04.2021

Мұрат Әйтенов Құрылысты сапалы етіп салуды тапсырды

20.05.2021

Салық реформасы инвестициялық ахуалды жақсартады

21.04.2021
MalimBlocks
«Bus Stop»  для туристских автобусов

Қала әкімі ауыз су жүйелерінің құрылысын бақылады

ТЕПЕРЬ БУДЕТ ПРОВЕРЯЕТСЯ САМА ПРОДУКЦИЯ

Шымкент 2 жылда 1 триллион 140 миллард теңге инвестиция тартпақ

Мұрат Әйтенов Құрылысты сапалы етіп салуды тапсырды

Салық реформасы инвестициялық ахуалды жақсартады