Ұлттық Қор қаржысын есепсіз пайдалану дефолтқа алып келуі мүмкін

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 05.08.2021

Ұлттық Қорға келіп түскен қаржыдан алынған қаржы екі есе көп.

Қаржы министрлігі жариялаған мәлімет бойынша, Ұлттық Қорға тамыздың 1-і күнгі есепке сәйкес 1,1 трлн теңге келіп түскен. Ал одан алынған қаржы 2,6 трлн теңгені құрған.

«Ұлттық қордағы қаржыны пайдалану келіп түскен қаржыдан 2,4 есе артық. Қазақстанның Ұлттық Қорына 1 тамызға дейін 1,1 трлн теңге келіп түскен. Ал шығарылған қаржы көлемі 2,6 трлн теңге», - делінген министрлік жариялаған есепте.

Экономист Мақсат Халықтың сөзінше, үкімет болашақ ұрпаққа арналған Ұлттық Қор қаржысын пайдалануды дәстүрге айналдырған. Бұл 2007-2009 жылдарда болған экономикалық дағдарыстан бері жалғасып келеді.

«Қазақстанда бюджет тапшылығы өте жоғары. Пандемияның салдарынан ол тіптен артып кетті деп айтуға негіз бар. Өткен жылы пандемия салдарымен күресу үшін Ұлттық Қордан 4,7 трлн теңге аударылған. Бұл өте үлкен қаражат. Жалпы, 2008 жылдан бері Ұлттық Қордан қаржы алу дәстүрге айналып кетті. 2007-2009 жылдары қаржылық дағдарыс болған уақытта біз қордан қаржы алып бастағанбыз», - дейді Халық.

Мақсат Халық егер жағдай өзгеріссіз осылай жалғаса беретін болса, онда оның арты жақсылыққа алып келмейді деп есептейді. Оның сөзінше, дәл осындай қарқынмен Қазақстан Ұлттық Қор қаржысын 4-5 жылда тауысады.

«Бұның арты жақсылыққа апармайды. Ол Ұлттық Қордың сарқылуына алып келеді. Егер резервсіз қалатын болсақ, онда мемлекеттің болашағына халықаралық қауымдастық пен қаржы ұйымдары сенбейтін болады. Ертең мемлекет инвестиция тарту, қарыз алу жағынан қиындықтарға тап болады. Тіпті бұл дефолтқа алып келуі мүмкін. Егер біз осы қарқынмен кете беретін болсақ, онда Ұлттық Қор қаржысы 4-5 жылда бітеді», - дейді экономист.

Қаржы министрлігінің есебі бойынша, қазір Ұлттық Қорда 26,7 трлн теңге қаржы бар. Былтыр қордан пандемия салдарымен күреске 4,7 трлн теңге бөлінген. Биыл 3 трлн теңге алынады деп жоспарлануда.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қатаң карантинді екінші рет енгізген жалғыз елміз

05.07.2020

Бір жылда ұсталған браконьерлер

29.10.2020

ТҮРКІСОЙды енді қырғыз жазушысы басқарады

31.03.2022

ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандыққа шықты

22.06.2020

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі ауысты

08.04.2022

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

20.01.2021
MalimBlocks
Қатаң карантинді екінші рет енгізген жалғыз елміз

Бір жылда ұсталған браконьерлер

ТҮРКІСОЙды енді қырғыз жазушысы басқарады

Бурса қаласында ТҮРКІСОЙ ұйымының кезектен тыс отырысы өтіп жатыр. Осы отырыс кезінде ТҮРКІСОЙдың бас хатшысы ауысты. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.

ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандыққа шықты

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі ауысты

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр