Ертең, 1 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, жаңбыр мен қар жауады. Шығыста көктайғақ, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Ал Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана
Елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде −1…−3, күндіз +9…+11 градус. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2–7, күндіз 5–10 м/с болады.
Алматы
Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1…+3, күндіз +12…+14 градус жылы болады. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шымкент
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнгі температура +6…+8, күндізгі температура +20…+22 градусқа жетеді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с болады.
Ақмола облысы
Түнде жауын-шашын болмайды, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Түнде −1…−6, солтүстігінде +2 градус, күндіз +7…+12 градусболады. Батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысы
Өңірде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде −1…−6, оңтүстігінде +3 градус, күндіз +14…+19 градус болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.
Алматы облысы
Жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман түседі. Түнде 0…+5, тауда −5…−10 градус, күндіз +10…+15, таулы аудандарда +2…+7 градус күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні оңтүстікте және тауда 15–20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысы
Күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +2…+7, шығысында −1 градус, күндіз +16…+21 градус болады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Абай облысы
Жауын-шашын күтілмейді. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады. Түнде −1…−6, батысы мен солтүстігінде +3 градус, күндіз +7…+12, оңтүстігінде +15 градус күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Өңірде жауын-шашын болмайды. Түнде 0…+5, солтүстігі мен шығысында −3 градус, күндіз +15…+20 градусболады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл облысы
Түнде жауын-шашынсыз, күндіз оңтүстікте және таулы аудандарда жаңбыр жауады. Тауда тұман күтіледі. Түнгі температура 0…+5, солтүстікте және тауда −5 градусқа дейін, күндіз +12…+17, тауда +9 градус болады. Желдің екпіні таулы аудандарда 15–20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысы
Жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман түседі. Түнде −1…−6, оңтүстігінде +3, тауда −11 градусқа дейін суытады. Күндіз +10…+15, тауда +5 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні шығыста және тауда 15–20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысы
Күн жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде −3…−8, оңтүстігінде +1 градус, күндіз +7…+12, оңтүстігінде +15 градус болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысы
Түнде жауын-шашын болмайды, күндіз солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде −1…−6, солтүстігінде +2 градус, күндіз +8…+13 градус болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.
Қызылорда облысы
Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз облыстың шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Түнде 0…+5 градус, солтүстігі мен шығысында −3 градусқа дейін үсік, күндіз +15…+20 градус күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз шығыс пен орталықта 15–20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысы
Түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде +5…+10, солтүстік-шығысында +2 градус, күндіз +16…+21 градус болады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысы
Түнде жауын-шашынсыз, күндіз солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Түнде 0…+5, шығысында −3 градус, күндіз +7…+12 градус болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде жауын-шашын болмайды, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Температура түнде 0…+5, шығысында −3 градус, күндіз +7…+12 градус болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысы
Түнде жауын-шашынсыз, күндіз оңтүстікте және таулы аудандарда жаңбыр жауады. Тауда тұман күтіледі. Түнде +3…+8, солтүстікте және тауда −3 градус, күндіз +17…+22, солтүстікте және тауда +13 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таулы аудандарда 15–20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысы
Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Түнде −1…−6, оңтүстігінде +3 градус, күндіз +10…+15 градус күтіледі. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде облыстың шығысында аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз шығыста жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде −1…−6, солтүстікте және тауда −10 градусқа дейін, күндіз +5…+10, солтүстікте және тауда +1 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.