Malim.kz
Білім-ғылым

1 қыркүйекте мұғалімге гүл сыйлау міндетті ме? Министрлік жауап берді

Арман Қайыпхан
Фото: ЖИ

Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекте ұстаздарға гүл сыйлау дәстүріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік гүл сыйлау ата-аналар мен оқушылардың ерікті таңдауы болуы керектігін атап өтті. Бұл дәстүр міндетке, жарысқа немесе ата-аналарға қосымша шығынға айналмауы тиіс.

Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және ата-аналарды бұған міндеттемеуі қажет.

Министрлік үшін басты мақсат – оқу жылындағы алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу. Балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу маңызды.

«Ең бастысы – гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі», – деп атап өтті ведомство.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары