Malim.kz
Оқиға

10 жасар атыраулық бала суға батып кетті

Айбын Атабай
ТЖМ

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Нұржау ауылындағы Шарон өзенінде рұқсат етілмеген жерге 2016 жылы туған бала суға түсіп, батып кетті. 

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 25 мамыр 18:30 шамасында болған. Көп ұзамай баланың мәйіті шығарылды.

Өңірде суға шомылу маусымы ашылмаған.

— Осыған байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Балаларды су жағасына ересектердің қарауынсыз жібермеңіздер, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.


 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары