11 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанның ірі қалаларында жанармай бағасы әртүрлі деңгейде қалыптасты. Ең төмен баға негізінен Шымкентте байқалса, Алматыда жоғары октанды бензин мен дизель отыны қымбатырақ сатылып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
АИ-92 бензині Астанада литріне 238-239 теңге, Алматыда 238-241 теңге, Шымкентте 224-227 теңге аралығында сатылуда.
АИ-95 маркалы бензин Астанада 310-315 теңге, Алматыда 320-322 теңге, Шымкентте 303-305 теңге көлемінде бағаланды.
АИ-98 бензинінің бағасы Астанада 355-357 теңге, Алматыда 360-375 теңге, Шымкентте 345-350 теңге аралығында.
Дизель отыны Астанада литріне 327-329 теңге, Алматыда 330-337 теңге, Шымкентте 332-335 теңгеден сатылып жатыр.
Автогаз бағасы Астана мен Алматыда литріне 112 теңге болса, Шымкентте 102 теңгені құрады.
Жалпы алғанда, үш қала ішінде АИ-92 және автогаз бойынша ең арзан баға Шымкентте тіркелді. Ал Алматыда АИ-95, АИ-98 және дизель отыны бағасы салыстырмалы түрде жоғары.