Malim.kz
Сұқбат

11 мыңнан астам жұмысшының құқығы тапталған

Malim Админ

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл басынан бері 11,9 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай мәлімет таратып отыр.

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Кәсіпорын  басшыларына міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,9 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды. Оларға 2 млрд 850 млн теңге төлем жасалды.  

 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары