Malim.kz
Білім-ғылым

12 тамызда Күн толық тұтылады

Айгүл Таңатар
zakon.kz

12 тамызда Жер тұрғындары сирек кездесетін астрономиялық құбылыс Күннің толық тұтылуын тамашалай алады. Оны тікелей бақылай алмайтын көрермендер үшін NASA арнайы онлайн трансляция ұйымдастырады, деп хабарлайды Malim.kz.
 

NASA-ның мәлімдеуінше, толық Күн тұтылуының жолағы Гренландия, Исландия, Испанияның солтүстігі, Португалияның шағын бөлігі, Атлант мұхиты мен Ресейдің солтүстігі арқылы өтеді. Ал Солтүстік жарты шардың көптеген өңірінде бұл құбылыс ішінара Күн тұтылуы ретінде көрінеді.
Ғарыш агенттігі тұтылуды құбылысын мамандардың түсіндірмесімен бірге ресми платформаларында тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны NASA Live арқылы көруге болады.
Айта кету керек, Күнге арнайы қорғаныс көзілдірігінсіз немесе күн сүзгісі жоқ оптикалық құралдармен қарауға болмайды. Әйтпесе бұл көздің көру қабілетіне ауыр зақым келтіруі мүмкін.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары