Malim.kz
Білім-ғылым

127 мыңға жуық талапкер гранттан үмітті

Айгүл Таңатар
inbusiness.kz

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық, деп хабарлайды Malim.kz.

Былтыр конкурсқа қатысу үшін 113 мың өтініш қабылданған болатын.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлінген. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% – педагогикалық мамандықтарға, 20% – басқа салаларға еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып бөлінген. Өтініштердің көпшілігі «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары