Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы ресми Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ресми құжаттың мәтініне сәйкес, ауқымды жиын алдағы аптада өтпек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкімде.
Айта кетейік, бірлескен отырыс барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен заңнамалық базаны жетілдіруге қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралады деп күтіліп отыр.