Өзін белгісіз болып қалуды жөн көрген азамат malim.kz тілшісіне қызықты деректер айтып берді.
Оның айтуынша, қазір әлеуметтік желілерде:
“Жеңістің 80 жылдығына шығарылған 200 теңгелік монеталарды 3 миллион теңгеге сатып аламын” деген рилстер мен жарнамалар қаптап жүр.
“Ұлттық банк 10 миллион данамен шығарған монетаның мұнша тұруы тіпті мүмкін емес”,
- дейді ол.
Қулықтың мәні мынада екен. Дәл сол адамдар сондай монетаны 20 мың, 50 мың, 80 мың, 100 мың теңгеге сатамын деген жарнама береді.
Біреу болмаса біреудің, кейін 3 миллионға сатып жіберермін деп алуы ықтимал екен.
“Бұл алаяқтық емес, қулық. Заң бұзу факті жоқ. Мұндай айлакерлік 1990-жылдары кең тараған еді. Ол кезде де - газетке “10, 15 тиындықты қымбатқа аламын” деп хабарландыру беріп, басқа жерде керісінше - сатамын деп хабарландыру беретін”, -
дейді ол мұндай қулық туралы.