Malim.kz
Спорт

2026 жылғы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың алғашқы легі жарысқа түсті

Арман Қайыпхан
Фото: olympic.kz

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары алғашқы жарыстарына қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әйелдер арасындағы скиатлон сайысында ел намысын Ксения Шалыгина мен Надежда Степашкина қорғады. Алайда қос спортшы да жарысты толық аяқтай алмады – олар көшбасшыдан бір айналым артта қалып, жарыстан шығарылды.

Жарыс барысында Надежда Степашкина алғашқы метрлерде құлап қалды. Соған қарамастан, ол қорытынды есепте үздік 60 спортшының қатарына енді. Ал Ксения Шалыгина 53-орынға тұрақтады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары