Malim.kz
Экономика

2027 жылдан бастап үш түрлі ескі теңгені дүкендер қабылдамайды: ақшаны не істеу керек?

• Мадияр Қапанбек
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Қазақстанда 2027 жылы 500, 1 000 және 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкноттардың айналым мерзімі аяқталады. Белгіленген күндерден кейін олармен дүкендерде есеп айырысу мүмкін болмайды. Алайда азаматтардың қолындағы ақша құнсызданбайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанда ескі және жаңа үлгідегі банкноттар белгілі бір уақытқа дейін қатар айналымда жүреді. Осы кезең аяқталғаннан кейін ескі ақшалар төлем құралы ретінде қабылданбайды.

Қандай теңгелер айналымнан шығады?

2027 жылы үш түрлі банкноттың айналым мерзімі аяқталады:

Аталған мерзімдерге дейін ескі және жаңа үлгідегі ақшалар қатар қолданылады. Дүкендер, сауда орындары және басқа да ұйымдар оларды төлем ретінде қабылдауға міндетті.

Ескі ақшаны дүкен қабылдамаса не істеу керек?

Егер банкноттың қатар айналымда жүру мерзімі әлі аяқталмаса, ол заңды төлем құралы болып есептеледі. Сондықтан дүкендер ескі үлгідегі жарамды банкнотты тек дизайны өзгергені үшін қабылдаудан бас тартпауы тиіс.

Ал белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін мұндай банкноттарды дүкенде жұмсаудың орнына банкке немесе "Қазпоштаға" апарып айырбастау қажет.

Ескі теңгелер жарамсыз болып қала ма?

Жоқ. Банкноттың айналымнан шығуы оның ақшалай құны жойылады дегенді білдірмейді.

Қазақстандықтар ескі үлгідегі банкноттарды екінші деңгейдегі банктер мен "Қазпошта" бөлімшелерінде айналым мерзімі аяқталғаннан кейін тағы үш жыл бойы жаңасына айырбастай алады.

Атап айтқанда:

Ал Ұлттық банктің аумақтық филиалдары аталған ескі банкноттарды мерзімсіз айырбастайды.

Үйде ескі ақша болса, қазір не істеу керек?

Ең алдымен банкноттың номиналына ғана емес, оның қай жылғы үлгі екеніне назар аударған жөн.

Егер қолыңызда 2014 жылғы 1 000 теңгелік, 2012 жылғы 10 000 теңгелік немесе 2017 жылғы 500 теңгелік банкнот болса, оны белгіленген мерзім аяқталғанға дейін күнделікті төлемге пайдалануға болады.

Осыдан кейін де ақшаны жоғалтып аламын деп алаңдаудың қажеті жоқ. Оны белгіленген тәртіппен жаңа банкнотқа айырбастау мүмкіндігі сақталады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары