Malim.kz
MALIMet

23 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады

Алуа Әшірбекова
Фото: canva

23 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда тұман түсіп, жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ал оңтүстік пен батыста күн жылы болып, ауа температурасы кей жерлерде +30 градустан асады. Бұл туралы "Қазгидромет" ақпарат берді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Облыстар мен олардың орталықтарындағы болжам:

• Абай облысы: түнде +5…+10, оңтүстікте +13, солтүстік-шығыста +2 градус. Күндіз +15…+20. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Семейде түнде +5…+7, күндіз +18…+20 градус, жауын-шашынсыз. 

• Ақмола облысы: түнде +3…+8, оңтүстікте +11, күндіз +18…+23 градус. Батысында, солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Көкшетауда +6…+8, күндіз +21…+23 градус, жауын-шашынсыз. 

• Ақтөбе облысы: түнде +8…+13, оңтүстікте +16, күндіз +23…+28, оңтүстікте +31 градусқа дейін. Негізінен жауын-шашынсыз, батысы мен солтүстігінде тұман болуы мүмкін. Ақтөбеде түнде +11…+13, күндіз +24…+26 градус. 

• Алматы облысы: түнде +12…+17, таулы аудандарда +4…+9, күндіз +23…+28 градус. Оңтүстігі мен таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қонаевта +13…+15, күндіз +26…+28 градус, жауын-шашынсыз. 

• Атырау облысы: түнде +14…+19 градус. Оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз +27…+32 градус, жауын-шашынсыз. Атырауда +17…+19, күндіз +30…+32 градус. 

• Батыс Қазақстан облысы: түнде +14…+19, күндіз +27…+32 градус. Түнде оңтүстік пен шығыста жаңбыр, батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Оралда түнде +14…+16, күндіз +27…+29 градус. 

• Жамбыл облысы: түнде +11…+16, таулы жерлерде +6, күндіз +25…+30 градус. Таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таразда +12…+14, күндіз +27…+29 градус, жауын-шашынсыз. 

• Жетісу облысы: түнде +10…+15, таулы жерлерде +7, күндіз +23…+28 градус. Шығыс пен таулы аудандарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Талдықорғанда түнде +5…+7, күндіз +24…+26 градус, жауын-шашынсыз. 

• Қарағанды облысы: түнде +8…+13, солтүстік пен шығыста +5 градусқа дейін салқындайды. Күндіз +18…+23, оңтүстікте +26 градус. Оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауады. Қарағандыда түнде +8…+10, күндіз +19…+21 градус. 

• Қостанай облысы: түнде +5…+10, оңтүстікте +13, күндіз +20…+25, оңтүстікте +28 градус. Жауын-шашынсыз, батысы мен солтүстігінде тұман. Қостанайда +7…+9, күндіз +23…+25 градус. 

• Қызылорда облысы: түнде +13…+18, күндіз +25…+30 градус, жауын-шашынсыз. Қызылорда қаласында түнде +15…+17, күндіз +30…+32 градус.
 
• Маңғыстау облысы: түнде +18…+23, шығыста +15 градус. Күндіз +29…+34, солтүстік-батыста шамамен +25 градус. Батыста жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал, жел күшейеді. Ақтауда түнде +19…+21, күндіз +27…+29 градус, жауын-шашынсыз. 

• Павлодар облысы: түнде +5…+10, күндіз +17…+22 градус. Солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, тұман түседі. Павлодарда түнде +8…+10, күндіз +21…+23 градус, жауын-шашынсыз. 

• Солтүстік Қазақстан облысы: түнде +3…+8, күндіз +20…+25 градус. Негізінен жауын-шашынсыз, батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Петропавлда да ауа температурасы түнде +3…+8, күндіз +20…+25 градус шамасында болады. 

• Түркістан облысы: түнде +13…+18, таулы жерлерде +10, күндіз +27…+32 градус. Оңтүстік пен таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түркістанда түнде +16…+18, күндіз +29…+31 градус, жауын-шашынсыз. 

• Ұлытау облысы: түнде +10…+15, күндіз +20…+25 градус. Жауын-шашын күтілмейді, кей аудандарда жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Жезқазғанда түнде +11…+13, күндіз +22…+24 градус. 

• Шығыс Қазақстан облысы: түнде +2…+7, оңтүстікте +10 градус. Күндіз +15…+20, таулы және шығыс аудандарда шамамен +12 градус. Солтүстік, оңтүстік және шығыста жаңбыр жауады. Өскеменде түнде +3…+5, күндіз +18…+20 градус, жауын-шашынсыз. 

• Астана: күн жартылай бұлтты. Түнде шамамен +4, күндіз +18 градус.

• Алматы: түнде +13…+15, күндіз +25…+27 градус. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 

• Шымкент: түнде +13…+15, күндіз +29…+31 градус. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 

Жалпы, 23 қыркүйекте ең жылы ауа райы еліміздің батысы мен оңтүстігінде сақталады. Ал шығыс, оңтүстік-шығыс және кейбір орталық өңірлерде жаңбыр, найзағай, тұман және екпінді жел күтіледі.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары